01.09.2009, 17:50 3746

Қазақстанда бүгін 2,5 млн астам оқушы мектептерге барды - БҒМ

Қазақстанда бүгін 2,5 млн астам оқушы мектептерге барды - БҒМ

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда бүгін 2,5 млн астам оқушы мектептерге барды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми өкілі Серік Ирсалиев бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Жаңа оқу жылында мектепке барған оқушылардың жалпы саны 2,5 млн асады. Былтыр бұл сан 2 млн 537 мың болған", - деді С. Ирсалиев.

Оның айтуынша, жаңа оқу жылындағы оқушылардың нақты саны бойынша дәлме-дәл мәліметтер ағымдағы жылдың қазан айында белгілі болады.

"1 тамыздағы жағдаймен бірінші сыныпқа барғандар саны 297 мың 584 бала болды. Оның 54%-ы ауылдық мектептерге барады", -деді мекеме өкілі.

Оның айтуынша, түлектердің алдын-ала саны "154 мың 290 оқушы болмақ".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны