01.04.2010, 11:20 1950

Қазақстанда бүгіннен бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы мен студенттердің шәкіртақысы көтеріледі

Қазақстанда бүгіннен бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы мен студенттердің шәкіртақысы көтеріледі

Алматы. 1 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда бүгіннен бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы мен студенттердің шәкіртақысы көтеріледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Еске сала кетейік, бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы мен студенттердің шәкіртақысы 2010 жылдың 1 сәуірінен бастап өсіріледі деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 29 қаңтарда Қазақстан халқына арналған дәстүрлі жолдауында мәлімдеді.

"Өткен жылғы экономикалық оң өсім динамикасы бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы мен студенттердің шәкіртақысын 3 ай ерте, яғни, 2010 жылдың 1 сәуірінен бастап 25 пайызға өсіруге мүмкіндік береді деп ойлаймын", - деп мәлімдеді мемлекет басшысы.

Ал одан бұрынырақ үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап 25%-ға ұлғайтылады деп мәлім еткен болатын Оның айтуынша, осы мерзімнен бастап шәкіртақылар 25%-ға, әлеуметтік жәрдемақылар орта есеппен 9%-ға өсіріледі.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Ибдіхалықова осы аптада келтірген нақты мәліметтерге сәйкес, "бюджеттік сала қызметкерлерінің орташа жалақысы 43 803 теңгеден 54 510 теңгеге дейін көтеріледі. "Оның ішінде білім беру саласы қызметкерлерінің айлығы 42 125 теңгеден 52 300 теңгеге дейін, ал денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің жалақысы 45 642 теңгеден 56 720 теңгеге дейін өседі", деді Г. Ибдіхалықова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны