30.04.2009, 13:21 3541

Қазақстанда бүгіннен бастап ел аумағында шошқа тұмауының таралып кетуінің алдын алу жөніндегі жұмыс тобы жұмыс істей бастайды (толықтырылған)

Қазақстанда бүгіннен бастап ел аумағында шошқа тұмауының таралып кетуінің алдын алу жөніндегі жұмыс тобы жұмыс істей бастайды (толықтырылған)

Астана. 30 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда бүгіннен бастап ел аумағында шошқа тұмауының таралып кетуінің алдын алу жөніндегі үкіметтің жаныанн құрылған жұмыс тобы жұмыс істей бастайды. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР үкімет басшысының орынбасары Серік Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Сіззің тапсырмаңызға сәйкес, ел аумағында шошқа тұмауының таралып кетуінің алдын алу және оған жол бермеу жөніндегі ұсыныстарды дайындайтын жұмыс тобы құрылды", -деді С. Ахметов үкімет басшысына қаратып айтқан сөзінде.

Оның айтуынша, "бұл топ жұқпалы ауру таралып отырған елдерден келіп жатқан адамдардың денсаулық ахуалына карантиндік бақылауды күшейту мәселесін ерекше қадағалауға алуды, елге әкелінетін импорттық өнімдерге қойылатын бақылауды күшейтуді, дәрілік заттардың қосымша қорын құруды, шошқа тұмауымен ауырған болуы мүмкін деп күдік туған адамдарды орналастыратын орын-жайларды дайындауды жоспарлауда".

"Бұл топ бүгіннен бастап жұмыс істейді, барлық мемлекеттік органдардың іс-қызметін үйлестіру аталған індеттін Қазақстан аумағына өтіп кетпеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді С. Ахметов.

ҚР Бас санитарлық дәрігері Анатолий Белоногтың айтуынша, Қазақстан аумағында әзірге шошқа тұмауымен ауыру оқиғасы тіркелген жоқ.

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов үкіметтің жанында Қазақстан аумағына шошқа тұмауының таралып кетуінің алдын алу жөніндегі жұмыс тобын құруды тапсырды. Ол үкіметте кеше өткен селекторлық жиында еліміздің денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевке осындай тапсырма берді.

"Мен еліміздің денсаулық сақтау министріне Қазақстан аумағына шошқа тұмауына тосқауыл қоюға қажетті барлық шараларды қолдануды тапсырамын. Бұл індет әлемге тарала бастағандықтан, онымен күрес деңгейін көтеру қажет. Мен өзіңіз басқарған жұмыс тобын құруды және ертең өтетін үкіметтің отырысында қандай шаралар қолға қолданылғанын баяндауды тапсырамын", - деді Кәрім Мәсімов Ж. Досқалиевке арнаған сөзінде.

Ал Республиканың Денсаулық сақтау министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында мемлекеттік санитарлық-эпидемилогиялық бақылау комитетінің төрағасы Анатолий Белоног Қазақстанда шошқа тұмауының таралу қаупі жоқ деп мәлімдеді.

"Бүгінгі жағдаймен осынау ауыр жұқпалы дерттің таралу қаупі елімізде жоқ. Ол үшін барлық қажетті шаралар қолданылуы қажет. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өңірлік орталығы растағанындай, шошқа тұмауын емдеуде "Тамифлю" препараты тиімді. Бұл дәрінің елімізде жеткілікті қоры бар. Қазақстан - ТМД елдерінің арасынан аталған дәрімен жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілген жалғыз ел", - деп мәлімдеді А. Белоног.

Ал ҚР денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанда шошқа тұмауы таралуының алдын алу үшін шекарада эпидемияға қарсы шаралар күшейтілді.

"Қалыптасқан қолайсыз эпидемилогиялық ахуалға байланысты ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің ахуалға мониторинг жүргізу және мемлекеттік шекарада жұқпалы індетке қарсы шараларды күшейту жөніндегі қаулысы шықты", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, республикалық санитарлық-эпидемилогиялық станцияның референс-зертханасы шошқа тұмауына қатысты зерттеулерді жүргізуге дайындалды.

Мемлекеттік шекарадан өтетін жерлерде (халықаралық әуежайлар, темір және автожол өткелдері) шетелдерден келгендерді санитарлық-карантиндік бақылау (экипаж мүшелері мен жолаушыларды сырттай қарау дәне олардың арасында сауалнама жүргізу, қажетті жағдайда дене қызуын тексеру) күшейтілді, делінген хабарламада.

Сонымен бірге, емдеу -профилактикалық ұйымдарында шошқа тұмауын жұқтырған болуы мүмкін деп күдіктенген науқастарды емдеуге арналған дәрілік заттардың қоры құрылды, патогендік қасиеті жоғары бұл тұмаудың шелелден әкеліну немесе пайда болуы мүмкіндігіне байланысты санитарлық-эпидемиологиялық және медицалық қызметтер тұрақты дайындық жағдайына көшіріліп, аса қатерлі жұқпалы індеттерді зерттеу зертханасы тәулік бойы дайындық жағдайына көшірілді.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Ақтау және Қарағанды қаласының халықаралық әуежайларында науқастарды қарым-қатынассыз анықтауға арналған тепловизорлар тұрақты жұмыс істеуде, елдің басқа өңірлерінде осындай жабдықтарды сатып алып орнату мәселесі шешілуде.

"РосБизнесКонсалтинг" агенттігінің хабарлауынша, Мексикада басталған шошқа тұмауының эпидемиясы қазіргі жағдаймен 80 адамның өмірін қиды, тағы 1400 адам вирусты жұқтырған. Жаңа вирус шошқа, құс және адам тұмауының генетикалық материалдарының комбинациясынан түзілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны