13.07.2015, 11:23 3526

Қазақстанда бүгіннен бастап көлік жүргізуге арналған сенімхаттыӊ күші жойылды

13 шілдеден бастап Қазақстанда жол жүру ережесіне енгізілген жаӊа түзетулер қолданысқа енді. Жаӊартылған ереже бойынша, арнайы белгіленген жерлерде ғана тоқтау керек деген талап алынып тасталды, сондай-ақ өзгеніӊ көлігін басқару үшін өзімен бірге сенімхаттыӊ болуы сынды талап та күшін жойды.

Астана. 13 Шілде. Kazakhstan Today - 13 шілдеден бастап Қазақстанда жол жүру ережесіне енгізілген жаӊа түзетулер қолданысқа енді. Жаӊартылған ереже бойынша, арнайы белгіленген жерлерде ғана тоқтау керек деген талап алынып тасталды, сондай-ақ өзгеніӊ көлігін басқару үшін өзімен бірге сенімхаттыӊ болуы сынды талап та күшін жойды. Оған қоса, енді су жаӊа көліктер үшін 7 жылға дейін арнайы техникалық бақылаудан өтудіӊ қажеті жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сонымен, ҚР Үкіметініӊ 2015 жылғы 23 маусымдағы қаулысына сәйкес, кейбір келіспеушіліктер заӊнан да, Жол жүру ережесінен де алынып тасталды. Атап айтқанда, "Жол жүрісі туралы" Заӊыныӊ 54-бабы 3-тармағындағы механикалық көлік құралыныӊ иесі мен жүргізушісініӊ құқықтары мен міндеттерінен көлік құралын оныӊ иесі болмай басқарған жағдайда - уақытша иеленуге және пайдалануға берілген көлік құралын басқаратын жеке тұлғаныӊ уәкілетті органда міндетті тіркелуімен бірге осы көлік құралын иелену немесе пайдалану немесе билік ету құқығын растайтын құжатты ұсыну бойынша міндет алынып тасталды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Бұдан басқа, Заӊныӊ 54-баптыӊ 22) тармақшасынан "арнайы бөлінген, тиісті жол белгілерімен және нұсқағыштармен белгіленген орындардан басқа, елді мекендердіӊ жолдарында және көшелерінде" тоқтап тұруға тыйым салатын норма алынып тасталды.

Сондай-ақ міндетті техникалық қарап тексеруден өтуге қатысты өзгерістер енгізілді. Бұдан бұрын автомобиль жағдайын тексеру қажеттілігінен шыққан жылын қоса алғанда, шығарылғанына төрт жылдан аспайтын автокөлік иелері босатылған болатын. Заӊнамадағы жаӊа өзгерістерге сәйкес бұл мерзім автомобиль көлігі саласындағы кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын М1 санатындағы көлік құралдары (жолаушыларды тасымалдау үшін пайдаланылатын және жүргізушініӊ орнынан басқа, сегізден аспайтын отыратын орны бар көлік құралдары) үшін жеті жылға дейін ұлғайтылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны