11.04.2016, 13:08 4191

Қазақстанда "Дала бүркіті - 2016" бітімгершілік оқу-жаттығуыныӊ бірінші кезеӊі басталды

Бүгін "Іле" оқу-жаттығу орталығыныӊ базасында "Дала бүркіті - 2016" тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуыныӊ бастапқы кезеӊі басталды. Іс-шараға Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбритания Қарулы Күштерініӊ 60-тан аса өкілі қатысады

Астана. 11 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін "Іле" оқу-жаттығу орталығыныӊ базасында "Дала бүркіті - 2016" тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуыныӊ бастапқы кезеӊі басталды. Іс-шараға Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбритания Қарулы Күштерініӊ 60-тан аса өкілі қатысады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алғашқы кезеӊ шеӊберінде қазақстандық "Қазбат" бітімгершілік батальоныныӊ әскери қызметшілері американдық және британдық әріптестерімен бірлесіп батальон штабыныӊ жұмысы, ротаныӊ жеке құрамын басқару, күшті, тактикалық байланысты қолдану ережелері, инженерлік-саперлік топтыӊ іс-қимылдары, тактикалық медициналық көмек пен көшіруді орындау, суды тазарту бойынша сертификация алу және т.б. бойынша тәжірибе алмасады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Айта кетерлік жәйт, оқу-жаттығу ниетіне сәйкес "Дала бүркіті - 2016" бітімгершілік оқу-жаттығуыныӊ екінші кезеӊін Ұлыбритания аумағында өткізу жоспарлануда. Ол жерге қазақстандық "Қазбат" бітімгершілік батальоныныӊ 250-ге жуық әскери қызметшісі аттанады. Жеке құрам мен қару-жарақты жөнелту үшін ҚР Қарулы Күштерініӊ әскери-көліктік авиациясы тартылады.

Естеріӊізге сала кетейік, алдыӊғы "Дала бүркіті - 2014" бітімгершілік оқу-жаттығуы Германия Федеративтік Республикасында өткен болатын. Оған ҚР ҚК-ніӊ 150-ден аса әскери қызметшісі тартылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны