10.02.2012, 15:16 3997

Қазақстанда дәрігерлердің біліктілігін арттыру жұмыстары жүргізілуде

2011 жылы Мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтында 9000 медицина қызметкері оқудан өтті, деп хабарлайды Pm.kz сайтына берген арнайы сұхбатында институт ректоры Уәлихан Ахметов.

Астана. 10-ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанда дәрігерлердің біліктілігін арттыру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2011 жылы Мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтында 9000 медицина қызметкері оқудан өтті, деп хабарлайды Pm.kz сайтына берген арнайы сұхбатында институт ректоры Уәлихан Ахметов.

"Денсаулық сақтау министрлігі болашақта бұдан да көп дәрігерлер мен медицина мамандарын оқыта алатын профессор, оқытушыларды дайындауға ерекше назар бөлді. "Тeaching-дәрігерлер" (ұстаз-дәрігерлер) деп аталатын бұл санаттағы қызметкерлерді ең бірінші кезекте шетелде білім алуға жіберу көзделген", - деді Мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының басшысы Уәлихан Ахметов.

2012 жылы дәрігерлерді шетелге оқуға жіберу үшін 200 млн. теңгеге жуық қаражат бөлу көзделген.

Ал 2011 жылы аталмыш оқу орнының базасында денсаулық сақтау саласындағы 300 менеджер оқып шықты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны