25.04.2008, 14:14 3111

Қазақстанда діни бірлестіктердің қызметін бақылауды күшейту керек -депутат

Қазақстанда діни бірлестіктердің қызметін бақылауды күшейту керек -депутат

Астана. 25 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан заңнамаларында діни бірлестіктердің қызметін бақылауды күшейту мүмкіндігін қарастыру керек. Бұл туралы ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Ержан Исақұлов "Қазіргі заманғы лаңкестік: оның таралу үрдістері мен деректері, қарсы тұру шаралары" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біздің халық арасында экстремистік көзқарастағы діни ағымдар мен көрші елдерде лаңкестіктің таралуына орай , мемлекеттің барлық құрылымдарының күші діндердің атын жамылған түрлі ыдыратқыш әрекеттерге тойтарыс беруге бағытталуы керек ", - деді Е. Исақұлов.

Қазақстанда бүгінгі күні "4 мыңнан аса діни бірлестік тіркелген болса, оның 2337 - ислам, 281 - православ, 82 - католик және мыңнан аса басқа діни ағымдары болғандықтан, бұл мәселе біз үшін аса маңызды болып отыр ", -деп есептейді депутат.

"Бас прокуратураның мәліметтері бойынша республика аумағындағы 1870 діни ұйым ұлттық қауіпсіздік пен тұрақтылығымызға қауіп төндіріп тұр. Соңғы екі жылдың ішінде дәстүрлі емес діни бірлестіктердің 50 жетекшісі мен белсенді мүшелері әкімшілік жауапқа тартылды. 13 шетелдік азамат Қазақстан аумағынан аластатылып, Астана соты 14 халықаралық лаңкестік ұйымы мен "Хизб-ут-Тахрир" діни ұйымның қызметтеріне тыйым салды" - деп хабарлады Е. Исақұлов.

Ол атап өткеніндей, сарапшылардың пікірі бойынша бүгінгі кезде , "ТМД елдері бойынша Қазақстандағы дін саласының заңнамасы ең либералды болып табылады".

"Біздің көрші ТМД елдері түрлі діни бірлестіктердің қызметтеріне қатысты талапты күшейтті, сондықтан рухани жетекшілер өздерінің назарын Қазақстан жаққа аударды. Соның салдарынан біздің елге шетелдерден түрлі миссионерлер ағылуда. Көптеген діни бірлестіктердің қызметтері дін сенушілері арасында конфессияаралық келісіміге және төзімділік қағидаларына қауіп төндіре бастады", - деп түсіндірді депутат мәжіліс.

"Мысалы, Австрия немесе Чехияда діни бірлестікті тіркеу үшін бірнеше мың адам қажет және олардың 10 жыл бойы мүлтіксіз дұрыс қызмет атқаруы керек. Ал бізде ондай жаппай ұйымдастыру жұмыстарын жүргізудің қажеті жоқ. Екі- үш адам бірлесіп, діни бірлестікті тіркете салады ", -деп түсіндірді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны