07.04.2018, 14:14 10474

Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтілуде

7 сәуірде Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтілуде. Осы жылы ол "Денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамту: барлығы үшін және бүкіл жерде" айдарымен өтіп жатыр

Астана. 7 сәуір. Kazakhstan Today - 7 сәуірде Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтілуде. Осы жылы ол "Денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамту: барлығы үшін және бүкіл жерде" айдарымен өтіп жатыр.

Іс-шаралар 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасыныӊ шеӊберінде аталып өтеді.

Атап айтқанда, Дүниежүзілік денсаулық күнін мерекелеу шеӊберінде елдіӊ медициналық ұйымдарында ашық есік күндері басталады. Ирбір ниет білдіруші өзініӊ денсаулығыныӊ жай-күйі туралы біле алады, арнайы мамандардыӊ консультациялық-диагностикалық және практикалық көмегін ала алады. Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментініӊ директоры Айжан Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық күні азаматтардыӊ өз денсаулығын сақтаудыӊ өмірде қаншалықты маӊызды екендігін адамдарға түсіндіруге арналғандығын атап айтты.

Сонымен, ДДҰ мамандарыныӊ айтуынша денсаулықтыӊ 50% өмір сүру салтына және шамамен 8-10% - ұлттық денсаулық сақтау жүйесініӊ жұмысына, яғни дәрігерлерге байланысты болады.

"Мемлекет басшысыныӊ "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудыӊ жаӊа мүмкіндіктері" атты жолдауында қымбат тұратын емнен аурулардыӊ профилактикасына өту қажеттілігі туралы атап көрсетті. Бұл ретте, өзініӊ жеке денсаулығына өзініӊ қатысуынсыз және мүдделі болуынсыз аурулардыӊ профилактикасы мүмкін болмайды. Біздіӊ азаматтарымыздыӊ көп уақытта спортпен айналысуына көӊіл бөлуіне, дұрыс тамақтануға, тұз бен қантты артық тұтынуын төмендетуге, зиянды әдеттерден аулақ болуға және жастардыӊ ұрпақты болу денсаулығын сақтау мен нығайтуға ерекше назар аударуына шақырғым келеді", - деді Айжан Есмағамбетова.

Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментініӊ директоры сөзін аяқтай келе, өмір сүру сапасыныӊ төмендеуін, мінез-құлық және эмоциялық бұзылулардыӊ жоғары қаупін туындата отырып, психологиялық дамуындағы қиындықтарға әкелетін балалар жасындағы семіру проблемасына назар аудартты. Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесініӊ алдында тұрған маӊызды міндеттерге де жеке тоқталды.

Сондай-ақ, брифингте ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментініӊ директоры Лаура Ахметниязова, денсаулық сақтау жүйесініӊ қызметі аурулардыӊ алдын алуға, ерте анықтауға және тиімді емдеуге басымдықты бағытталғанын, мемлекет қабылдаған кешенді шаралар қазақстандықтардыӊ өмір сүру ұзақтығын ұлғайту және сапасын жақсарту бойынша елеулі нәтижелер бергенін атап өтті.Сонымен, соӊғы 10 жылда өмір сүру ұзақтығыныӊ 6 жылға ұлғайғаны байқалады, 2016 жылдыӊ қорытындысы бойынша қазақстандықтардыӊ өмір сүру ұзақтығы 72,3 жасқа дейін жетті, өлім 27%-ға төмендеді, ана өлімі 4 есе төмендеді, нәресте өлімі 1,6 есе төмендеді, туберкулезден өлім 5 есе төмендеді, ҚЖА-дан болатын өлім 3 есе төмендеді, ал қатерлі ісіктерден болатын өлім 20%-ға төмендеді", - деді.

Сонымен бірге, Лаура Ахметниязованыӊ айтуынша 2017 жылы бірінші орында сүт безі обыры тұрған 35 мыӊнан астам обырмен ауыратын науқастардыӊ тіркелген. Яғни, 4 000-нан астам сүт безі обырымен ауыратын науқас өзі жеке жүгінген кезде анықталды, оныӊ 40% асқынған сатыдағы пациенттер құрайды. Сондықтан да скринингтерден өтудіӊ маӊызды екенін байқалады. Өкінішке орай халық скринингке белсенді бармайды. Ерте сатысында анықтау емдеудіӊ тиімділігін айқындайды және сәйкесінше өміршеӊдікті ұлғайтады.".

Брифинг соӊында, КЕАҚ стратегия және әдіснама жөніндегі басқарушы директоры Серік Тәӊірбергенов, медициналық қызметтіӊ қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жекеменшік клиникаларды халыққа қызмет көрсетуге көптеп жұмылдыруды қордыӊ қолға алғанын жәнебиылғы жылы 1390 компанияныӊ 602-і - жекеменшік клиникаларымен келісімшарт бекіткенін айтып өтті, бұл халыққа тегін қызмет көрсететін медицина ұйымдарыныӊ 43%. Салыстырар болсақ, аталған көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 183-ке артқан. Өз кезегінде бұл инфрақұрылым және маман тапшылығы, бәсекелестік есебінен сервис сапасын көтеру сынды проблемаларды шешіп береді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны