14.07.2018, 19:54 6107

Қазақстанда ЭДЫҰ елдерімен салыстырғанда жасөспірімдер арасындағы босану коэффициенті 6 еседей көп болып отыр

Қазақстандағы жастардыӊ өсімпаздық денсаулығыныӊ ахуалы да алаӊдатады. Қазақстанда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭДЫҰ) елдерімен салыстырғанда жасөспірімдер арасындағы босану коэффициенті 6 еседей көп болып отыр. 2015 ж. 15-19 жастағы қыздардыӊ 36-ы ана атанды.

Астана. 14 шілде. Kazakhstan Today - Үкімет, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, блогерлер мен өсімпаздық денсаулықты сақтау саласыныӊ белсенділері бүгін Дүниежүзілік Халықтыӊ қоныстануы күніне арналған арнайы іс-шараға жиылды. Биыл ол "Отбасын жоспарлау - адам құқығы" тақырыбына арналған. Қатысушылар отбасын жоспарлауды адамдар үшін өз отбасыныӊ көлемін және қанша әрі қашан өз балаларын дүниеге әкелуін олардыӊ өздері белгілеуі құқығын пайдалануыныӊ мүмкіндігі ретінде қарастырып, талқылады.

Ток - шоу тәрізді нақыстандырылған #ТаӊдауҚұқығы іс-шарасы БҰҰ Халықтыӊ қоныстануы саласындағы қоры (ЮНФПА), "АНА ҮЙІ" қоғамдық қоры мен "ARTиШОК" театры күшімен ұйымдастырылған.

Отбасын жоспарлау 1968 жылы БҰҰ - ныӊ Тегерандағы адам құқықтары жөніндегі Халықаралық конференциясында адам құқығы деп жарияланды. Отбасын ерікті түрде жоспарлауға қолжетімділік әйелдерге босану арасындағы уақыт аралықтарын сақтауға мүмкіншілік береді, бұл ананыӊ да, сәбидіӊ де денсаулығына оӊ әсер етеді. Сонымен қатар, отбасын жоспарлау - әсіресе әйелдердіӊ ерте немесе мосқал өсімпаздық өмір жастары кезеӊдеріндегі - өлім не екіқабаттық пен босанулар салдары ретінде туындайтын мүгедектіктіӊ пайда болуы қатерін азайтады. Және отбасын жоспарлау - адамдар өз отбасыныӊ көлемін өздері белгілей алмаған жайтта ахуалды одан әрмен күрделендіретін - кедейлікті еӊсеру үшін де маӊызды. Алайда, 1968 жылдан бері іс жүзіне асырылған үлкен ілгерілеуге қарамастан, жүздеген миллион әйелдер, ерлер және жастар өздерініӊ отбасын жоспарлау құқығын әлі пайдалана алмауда, ал бүкіл дүние жүзі бойынша 214 миллион әйел әлі күнге дейін заманауи контрацептивтерге қол жеткізе алмай отыр.

Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар жұқтырудыӊ еӊ жоғары деӊгейі жасы 15 пен 24 арасындағылардыӊ жас тобында байқалып отыр. Отбасын жоспарлау қызметтері, әсіресе ерлердіӊ мен әйелдердіӊ мүшеқаптарымен (презервативтерімен) қамтамасыз ету, инфекциялардыӊ тарауыныӊ алдын алуға көмектеседі. Қазақстанда жүргізілген зерттеулер өмір жасы 15-19 арасындағы жастардыӊ шамамен жартысыныӊ анда-санда не тұрақты түрде жыныстық қатынастарға түсетінін көрсетеді. Жыныстық тұрғыдан белсенді бозбалалардыӊ шамамен алғанда жартысында (41%) бірден артық жыныстық серіктес бар екен әрі оларды өз жыныстық байланыс іс-тәжірибесініӊ тәртіпсіздігі көп алаӊдатпайтын көрінеді.

"Бізді Қазақстандағы жастардыӊ өсімпаздық денсаулығыныӊ ахуалы да алаӊдатады. Қазақстанда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭДЫҰ) елдерімен салыстырғанда жасөспірімдер арасындағы босану коэффициенті 6 еседей көп болып отыр. 2015 ж. 15-19 жастағы қыздардыӊ 36-ы ана атанды. Алайда, көптеген екіқабаттықтар абортпен не түсік тастаумен нәтижеленіп жатады, себебі қыздар арасындағы екіқабаттықтар саны әлдеқайда көбірек", - деді ЮНФПА -ныӊ Қазақстандағы өкілі және Қырғызстан мен Түрікменстандағы Ұлттық Директоры Джулия Валезе.

"Контрацептивтерге қолжетімділікті қоса алғанда, отбасын жоспарлау тек адам құқығын қамтамасыз ету тұрғысынан ғана маӊызды емес. Бұл гендерлік теӊдікке қол жеткізу үшін маӊызды. Өздерініӊ балалары болуын олар өздері қалай ма және олар өздері қанша бала табуды жоспарлайды, осыны шешу мүмкіндігіне әйелдер мен жұптар ие болғанда бұл әйелдерге оқуын бітіруіне жол ашады. Бұдан тыс - әйелдер мен балалардыӊ экономикалық қауіпсіздігі және бақуатты тұрмысын нығайтатын - өз табыс табу мүмкіндіктерін күшейте отырып, әйелдер отбасында көбірек тәуелсіздікке қол жеткізеді", - дейді Джулия Валезе.

Қоғам қайраткері Ақмаржан Көшербаева Қазақстандағы ЮНФПА - ныӊ шешені болып табылады. Іс-шара барысында әншініӊ ерте екіқабаттық мәселесін сөз ететін "Қыз тағдыры" видеоклипі көрсетілді.

"Жасөспірімдерге олардыӊ өсімпаздық құқықтарын, олардыӊ денсаулығын құрметтеу, тәуекелдік мінез-құлқыныӊ барлық салдарын, жауапкершілік туралы хабарлау маӊызды. Сонда бұл жасөспірім осы білімді бір күні өзініӊ және туыстарыныӊ игілігі үшін қолданатынына үміттенеді", - деді ол.

Тұрғын халықтыӊ мықты өсімпаздық денсаулығын қамтамасыз ету үшін әлем елдерініӊ үкіметтері үш стратегиялық бағыттағы жұмысты іс жүзіне асыруды қамтамасыз етуі тиіс. Олар 1) өсімпаздық денсаулық саласындағы сапалы қызметтерге қолжетімділікті; 2) заманауи контрацептивтерге қолжетімділікті; 3) сапалы ахлақтық - жыныстық білім беруге қолжетімділікті қамтамасыз етуді қамтиды. Ир бағыт өзінше маӊызды, алайда осы бағыттардыӊ қайсыбірініӊ болмасын жоқтығы өсімпаздық денсаулық тұрғысынан алғанда тұрғын халықтыӊ берекелі тұрмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.

Биыл өзініӊ бесжылдығын атап өтіп жатқан "Ана Үйі" қоғамдық қоры #ТаӊдауҚұқығы іс-шарасыныӊ еншілес ұйымдастырушысы болып отыр. Аталған уақыт ішіндегі жұмысыныӊ нәтижелерін атап өту үшін, қор өзініӊ қамқорлығында болған жандар айтып берген өміртарихтар жөніндегі кітапты басып шығаруда. Сәби өмірініӊ құндылығы еш дау тудырмайды. Сондай-ақ, оныӊ анасыныӊ да және оныӊ әр түрлі әлеуметтік рөлдердегі өз әлеуетін іс жүзіне асыру құқығы да еш дау тудыра алмайды. Анасы өз сәбиімен бірге бұдан әрмен қарай алдағы уақытта өзініӊ берекелі өмірініӊ іргетасын қалай алуы үшін, Ана үйі оған жаӊа білім беріп, жаӊа дағдыларға үйретеді. Ол жас әйел мен оныӊ сәбиіне - оларға қамқорлық пен жәрдем қажет болған сәтте - көмек берер қол ұшын созады. Одан кейін, ауыр ахуал еӊсерілгеннен соӊ, қор - оған әр түрлі өмірлік ахуалда сындарлы және уақтылы шешімдерді таба алуды үйрету мақсатында - әйел үшін әр қырлы ақпараттарға әрі мамандардыӊ кеӊестеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуге тырысады. Және осыныӊ өзінде, Ана үйі өзіне берілген барлық құралдыӊ түгелін бірдей пайдаланбауға қатысты әйелдіӊ құқығын есепке алады және құрметтейді. "100 ана" кітабы "Ана үйі" жобасынан шыққан соӊ қамқорлыққа алынған жандардыӊ одан арғы өмірініӊ қалай қалыптасқанын әрі олардыӊ қор тарабынан берілген құралдардыӊ өз өмірінде қайсысын қолданғанын баяндайды.

"Ир адам қай жаста және қандай шарттар аясында ата - ана боларын қалай шешем десе де өзі біледі. Тіпті өте ұқсас жайттардыӊ өзінде әр түрлі адамдар үшін олардыӊ өздері "дұрыс" деп білетін өз шешімдері болады. Жастарға ешбіреу қандай шешім қабылдауы керектігі жөнінен бұйрық беріп, әмір жүргізе алмайды. Біз тек шешімдердіӊ көп болуы мүмкін екенін әрі мұндай әр шешімніӊ құрметтелуге лайықты екенін көрсете аламыз. Егер жас әйел жоспарланбаған сәбиді дүниеге әкелудіӊ пайдасына орай таӊдау жасаса, ешбіреу оны кінәләп, ат қойып, айдар таға және қорқыта алмайды. Алайда, әрбіреу оған жан мейірімі сәулесін төгіп, қамқорлығы әрі өмір тәжірибесімен бөлісе алады. Нақ осы "Ана үйініӊ" уақтылы берген көмегініӊ арқасында жаӊа ғана өмірге келген сәбилерден әлеуетті бас тартудыӊ күнілгері 70 % - ыныӊ алды алынады. Бес жыл жұмыс ішінде 3300-ден астам ана біздіӊ қордыӊ көмегін алды. Олардыӊ балалары аналарымен бірге өмір сүруде, демек отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы әрі өзініӊ шығу тегін білу құқығы тәрізді аса маӊызды балалардыӊ құқықтары іс жүзіне асырылуда", - дейді "АНА ҮЙІ" ҚҚ атқарушы директоры Бибігүл Махметова.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны