31.03.2015, 18:28 8137

Қазақстанда егін егілетін жерлер 24 миллион гектарды құрайды - Бәзілжанов

Қазақстанда егін егетін жерлердіӊ көлемі 24 миллион гектарды құрайды, жердіӊ құнарлылығы ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ негізі болып табылады, дейді Ауыл шаруашылығы министрлігініӊ Республикалық агрохимиялық қызмет ғылыми-әдістемелік орталығыныӊ директоры Ерболат Бәзілжанов

Астана. 31 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда егін егетін жерлердіӊ көлемі 24 миллион гектарды құрайды, жердіӊ құнарлылығы ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ негізі болып табылады, дейді Ауыл шаруашылығы министрлігініӊ Республикалық агрохимиялық қызмет ғылыми-әдістемелік орталығыныӊ директоры Ерболат Бәзілжанов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бүгін мен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердіӊ, нақтырақ айтқанда егін егілетін жерлердіӊ құнарлылығына назар аударғым келіп отыр. Егін егетін жерлер қазір еліміз бойынша 24 миллион гектарды құрайды. Жер кодексінде жерді мәжбүрлі түрде алуды көздейтін 92-ші және 93-ші баптар бар. Кодекстіӊ осы баптарын орындау мақсатында жерді тиімді пайдалану ережесі шықты. Онда гумус деӊгейі 5 пайыздан азайып, ал азоттыӊ жылжымалы пішіндері мен калийдіӊ мөлшері 20 пайызға жетсе, мұндай жерлер иелерінен қайтарып алынады",-деді Е.Бәзілжанов, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Оныӊ сөзінше, агрохимия қызметініӊ зерттеулері бойынша, жергілікті атқарушы орган өкілдері егін егетін жерлердіӊ құнарына назар аудармаған жер иеленушілерден жерлерін қайтарып алады.

"Араға 5-7 жыл салып егістік жерлер тағы да зерттелетін болады. Ол үшін Қазақстандағы Орал, Талдықорған, Шымкент, Павлодар сияқты қалаларда 4 филиал бар",- деді Е.Бәзілжанов.

Агрохимия қызметі топырақты химиялау, жер иеленушілердіӊ қызметін мемлекеттік реттеу арқылы агрохимиялық талдаулармен қамтамасыз ету, жердіӊ құнарлылығына мониторинг жүргізу сияқты жұмыстармен айналысады. Бүгінгі таӊда минералды тыӊайтқыштарды пайдалану 1 гектарға 4 келіден келіп отыр және бұл көрсеткіш жыл өткен сайын артуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны