12.04.2007, 18:00 3654

Қазақстанда экономиканы модернизациялау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды (толықтырылған нұсқа)

АСТАНА. 12-сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстанда экономиканы модернизациялау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Бұл туралы бүгін мемлекет басшысының қатысуымен президенттің жолдауын жүзеге асыруға арналған кеңесте президенттің баспасөз хатшысы Ерлан Байжанов хабарлады.

"Бүгін президент үкімет басшысының басқаруымен экономиканы модернизациялау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылады деп мәлімдеді",- деді Е.Байжанов.

"Біздің экономикамыз нақты озық жобалар жүзеге асырыла бастайтын жаңа кезеңнің алдында тұр. Сол себепті бұл жобамен тек мемлекеттік компаниялар мен мемлекеттік холдингтер ғана айналысуға тиіс емес. Олар жеке меншік сектор мен мемлекеттік компаниялардың бірлескен күш жігерімен жүзеге асады",- деді "Самұрық" мемлекеттік холдингінің басқармалары төрағасы Сауат Мыңбаев. "Мемлекеттік холдингтер тарапынан энергиямен қамтамасыз ету саласындағы жүйелі жобалардф жүзеге асыру жоспарлануда",- деді ол.

"Қазына" Тұрақты даму қоры" АҚ басқармалары төрағасы Қайрат Келімбетов өз кезегінде, бүгін Қазақстанның отыз корпоративтік жетекшілерін құру, яғни "біздің экономикамызды әртараптандыруға мүмкіндік беретін озық жобаларды табу жөніндегі бағдарлама талқыланып, тұжырымдамалық тұрғыда мақұлданғанын" хабарлады. Атап айтқанда, оның айтуынша "шешімдердің бірі ретінде "Қазына" тұрақты даму қорына озық жобаларды мемлекет тарапынан қолдаушы оператор функциясы берілді.

Сонымен қатар, Қайрат Келімбетов "даму институттарын капиталдандыру туралы ғана, мемлекеттік органдардың энергетикалық қуаттылықтарды, көлік бағыттарын ұйымдастыру, мамандармен және басқа да өндірістік факторлармен қамтамасыз етуде ықпалдастық жасау мүмкіндіктері туралы да сөз болғандығын", түсіндіріп өтті. "Сонымен қатар, Қарағанды облысында кремний өндірісін, Павлодар облысында бастапқы сатылы алюминий өндірісі мен бірқатар биоэтанол өндіретін зауыттар салу сияқты нақты озық жобаларды жүзеге асыру мәселелері қарастырылды",- деп қосты ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны