16.01.2013, 13:16 2970

Қазақстанда еңбек қабілетін жоғалту және асыраушысынан айырылыу бойынша әлеуметтік төлем мөлшері 16%-ға арттырылды

2012 жылдың 28 желтоқсанында үкімет басшысы Серік Ахметов қол қойған тиісті қаулы бүгін ресми ақпарат құралдарында жарияланды.

Астана. 16-қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбек қабілетін жоғалту және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем мөлшері арттырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2012 жылдың 28 желтоқсанында үкімет басшысы Серік Ахметов қол қойған тиісті қаулы бүгін ресми ақпарат құралдарында жарияланды.

"2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбек қабілетін жоғалтқан және асыраушысынан айырылған тұлғаларға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлем мөлшері 16 пайызға арттырылсын", - делінген қаулыда.

2012 жылдың қаңтарында еңбек қабілетін жоғалту және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем мөлшері 7%-ға арттырылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны