30.06.2011, 13:00 8073

Қазақстанда ертеңнен бастап бюджет саласы қызметкерлерінің жалақылары 30 пайызға өседі

"Ел президентінің тапсырмасы бойынша ертеңнен бастап бюджет қызметкерлерінің жалақылары 30 пайызға өседі", деп жазады ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Twitter бетіндегі жеке парақшасында.

Астана. 30 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда ертеңнен бастап бюджет саласы қызметкерлерінің жалақылары 30 пайызға өседі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Ел президентінің тапсырмасы бойынша ертеңнен бастап бюджет қызметкерлерінің жалақылары 30 пайызға өседі", деп жазады ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Twitter бетіндегі жеке парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, 2008 жылғы 6 ақпандағы Елбасы Н.Назарбаевтың "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" Қазақстан халқына Жолдауында бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен өсіру арқылы 2012 жылы 2 есе деңгейге, оның ішінде 2009 жылы - 25, 2010 жылы - 25, ал 2011 жылы 30 пайызға арттыру қамтамасыз етілуі тиістігі көтерілген болатын. Үкімет жүктелген межеден шығып, 2009 және 2010 жылдары олардың жалақыларын 25 пайызға көтерген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны