22.08.2018, 20:31 6114

Қазақстанда ет өніміне күшейтілген бақылау енгізілді

Аталған өндірушілер өнім өндіру және таӊбалау бойынша техникалық регламенттер талаптарын жүйелі түрде бұзады. Осы уақыт ішінде еліміздіӊ бірқатар өӊірлерініӊ сауда орындарында сәйкес келмейтін өнімдер бірнеше рет анықталды.

Астана. 22 тамыз. Kazakhstan Today - ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті ағымдағы жылдыӊ 7 айында өнімніӊ қауіпсіздігіне жүргізген мониторингініӊ нәтижелері бойынша "Омский бекон" АҚ, "Микояновский мясокомбинат" ЖАҚ, "Царицыно" ААҚ және "Курников" АӨК ЖШҚ өндірушілеріне қатысты ет өнімін күшейтілген зертханалық бақылау енгізді.

Аталған өндірушілер өнім өндіру және таӊбалау бойынша техникалық регламенттер талаптарын жүйелі түрде бұзады. Осы уақыт ішінде еліміздіӊ бірқатар өӊірлерініӊ сауда орындарында сәйкес келмейтін өнімдер бірнеше рет анықталды.

Мысалы, "Омский бекон" АҚ-ы "Популярная", "Бутербродная", "Южная", "Сельская", "Заречная", "Походная" шұжық өнімдерінде натрий нитриттерініӊ массалық үлесін 2-3 есеге, левомицетинді 1-2 есеге арттыруға, сондай-ақ микробиологиялық көрсетікштер бойынша бұзушылыққа жол берілген.

"Микояновский мясокомбинат" ЖАҚ өндірісініӊ "Южные" және "Сытные" сосискаларында натрий нитриттерініӊ үлес салмағы артқаны анықталған, патогенді микрофлора және ішек таяқшалары тобыныӊ бактериясы анықталған.

"Царицыно" ААҚ-ныӊ шұжық өнімдерінде ("Утренние" сосискалары) стафилококк анықталған. "Русская" шұжығында натрий нитриттерініӊ массалық үлесініӊ артуы, "Утренние" және "Бистро" сосискаларында патогендік жұқтыру анықталған.

"Курников" АӨК ЖШҚ-ы өндірісініӊ "Натуральный", "Крестьянский", "Хуторской" тартылған еттері және "Премиум" жартылай фабрикаты тамақ өнімдері қауіпсіздігініӊ микробиологиялық көрсеткіштері бойынша сәйкес келмейді.

Ирбір факті бойынша өнімніӊ сәйкес келмейтін партиясын алып тастау жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілді.

Бүгінгі күні еліміздіӊ уәкілетті органынан және өндірушілердіӊ өздерінен олардыӊ тиісті іс-шараларды жүргізетіні туралы хабарламалар алынды.

ҚР ДСМ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны