09.12.2009, 10:22 7509

Қазақстанда гемофилиямен ауыратындарға қажетті дәрілік заттар 2010 жылғы наурызға дейін жеткілікті - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстанда гемофилиямен ауыратындарға қажетті дәрілік заттар 2010 жылғы наурызға дейін жеткілікті - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Астана. 9 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанда гемофилиямен ауыратындарға қажетті дәрілік заттар 2010 жылғы наурызға дейін жеткілікті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қан диабетінің инсулинге тәуелді түрімен ауыратын науқастарды және гемофилиямен ауыратын науқастарды дәрілік заттармен уақтылы қамтамасыз етуге қатысты мынаны хабарлайды.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес түрлендірілген биологиялық дәрілік зат ретінде "биосимиляр" ұғымы енгізілген. Сапалы инсулиндерді уақтылы сатып алу мақсатында министрлік Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген инсулин-биосимилярларды бұрын тіркелген, эталондық инновациялық биологиялық дәрілік затқа ұқсас деп мәлімделген және соған ұқсас халықаралық патенттелмеген атауға қауіпсіздігі және тиімділігінің сәйкестігін бағалау үшін тәуелсіз сарапшылар топтарын құрды. Сараптау комиссиясының қорытындысы негізінде министрлік тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде 2010 жылға дәрілік заттарды сатып алуды ұйымдастырушы болып табылатын "СК"Фармация ЖШС-не хат жолдады.

Ағымдағы жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен гемофилиямен ауыратын ересек адамдардың қан факторын қамтамасыз етуге 3,2 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді. Қанның 4 факторын сатып алуды министрлік 2009 жылғы ақпанда жүргізді. Қажеттілік келесі жылға сатып алынатын дәрілік заттарды жеткізуді есепке ала отырып есептелінді. Республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынған дәрілік заттарды пайдалану мониторингінің нәтижелері бойынша өңірлерде 2010 жылғы наурызға, яғни 2010 жылғы жеткізудің басталуына дейін дәрілік препараттардың жеткілікті мөлшердегі қалдықтары бар.

Гемофилиямен ауыратын балаларды дәрілік қамтамасыз ету Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар мен мамандырылған емдік тағам рецепті бойынша тегін әрі жеңілдікті шарттармен босатылатын аурулардың түрлері мен халықтың жекелеген санаттарының тізбесіне сәйкес 2004 жылдан бастап жергілікті бюджет қаражатынан амбулаториялық-емханалық деңгейде жүзеге асырылуда.

2010 жылы амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету бойынша фармацевтикалық қызметтерді сатып алу қолданыстағы заңнамаға сәйкес денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдары өткен жылдардағыдай жүзеге асыратын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны