16.09.2016, 15:24 4133

Қазақстанда гендерлік бюджетті енгізу жоспарланған

Астанада 2030 жылға дейін отбасы және гендерлік саясаттыӊ жаӊа тұжырымдамасы мен гендерлік бюджетті енгізу жайы таныстырылды.

Астана. 16 қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанада 2030 жылға дейін отбасы және гендерлік саясаттыӊ жаӊа тұжырымдамасы мен гендерлік бюджетті енгізу жайы таныстырылды.

"Биыл Қазақстан Республикасында гендерлік теӊдік стратегиясын іске асыру аяқталады. Мемлекет басшысы Ийелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат бойынша Ұлттық комиссияға ҚР Үкіметімен бірге 2030 жылға дейінгі кезеӊге еліміздіӊ отбасы және гендерлік саясат тұжырымдамасыныӊ жобасын әзірлеуге тапсырма берді",-деп мәлімдеді ҚР Президенті жанындағы Ийелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат бойынша Ұлттық комиссия төрағасыныӊ орынбасары Елена Тарасенко.

Жобаны дайындау жұмысымен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жанындағы арнайы комиссия айналысты.

"Аталмыш тұжырымдамада Мемлекет басшысыныӊ "Қазақстан-2050" Стратегиясымен, "100 нақты қадам" Ұлт жоспарында алға қойылған тапсырмалармен үйлестірілген",-деді ДСИДМ вице-министрі Светлана Жақыпова.

Таныстырылған тұжырымдама заӊнамалық базаға ЭЫДҰ стандартына сәйкес отбасылық гендерлік қатынастарды реттейтін өзгерістер енгізуді қарастырады.

Тұжырымдама жобасына сәйкес, гендірлік бюджеттеу дегеніміз мемлекеттік жоспарлау жүйесінде гендерлік әсерді бағалауды білдіреді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны