06.09.2010, 15:28 3970

Қазақстанда ғылымды қаржыландыру 0,1 пайызға да жетпейді - ғалымдар

Қазақстанда ғылымды қаржыландыру 0,1 пайызға да жетпейді - ғалымдар

Алматы. 6 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда ғылымды қаржыландыру 0,1 пайызға да жетпейді. Бұл туралы Алматыдағы ЖОО ректорларының, ҒЗИ директорларының, Ил-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ғылыми орталықтары мен мекемелерінің басшыларының қатысуымен жиналыста айтылды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне ҚазҰУ баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ғылыми қауымдастық өкілдері қазақстандық инновациялық жобалар санын өсіру және техникалық қауіпсіздік туралы заң әзірлеу қажеттігін талқылаған.

Кейбір ғылыми-зерттеу институттар мен орталық басшыларының пайымдауынша, Қазақстанда салалық жобалық институттар құруға мүмкіндік беретін ғылымның басым бағыттары әлі күнге дейін анықталмаған. "Ондай жағдайда өндіріс те, бизнес те ғылыми қызметті ынталандыруға мүдделі болады. Бүгіде Қазақстанда ғылымды қаржыландыру 0,1 пайызға да жетпейді",- деп атап өтті ғалымдар. Олар "тұрақты және айқын қаржыландыру болмайынша қазақстан ғылымында "төңкеріс" жасау мүмкін емес, қомақты қаржылар ғылымды айналып өтуде",- деп санайды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны