12.04.2012, 11:50 5274

Қазақстанда ғылыми кадрларды даярлаудың жаңа үлгісі енгізілді

Елбасы қазақ ғылымының алдына әлемдік деңгейге шығып, ғылыми білім берудің халықаралық жүйесіне ену туралы міндет қойған болатын. Және бұрын Болон үрдісіне сай кандидат пен ғылым докторлары атағын алған ғалымдар енді басқа жүйеге ауыстырылды.

Астана. 12-сәуір. Kazakhstan Today - 2011 жылы Қазақстанда ғылыми кадрларды даярлаудың жаңа үлгісі - РhD докторантураға көшу аяқталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Елбасы қазақ ғылымының алдына әлемдік деңгейге шығып, ғылыми білім берудің халықаралық жүйесіне ену туралы міндет қойған болатын. Және бұрын Болон үрдісіне сай кандидат пен ғылым докторлары атағын алған ғалымдар енді басқа жүйеге ауыстырылды.

"Диссертация жазудан басқа РhD докторларына даярлау университеттерінде күндізгі бөлімде үш жылдық оқу курсынан өту талабы қойылады", - деп аталып өтілген хабарламада.

Қазіргі таңда Білім және ғылым министрлігі PhD докторларын оқытуда Қазақстанның ең озық университеттеріне енгізуді қолға алуда. Докторанттар шетелдік жоғарғы оқу орындарының бағдарламаларына сай келетін бағдарлама бойынша кем дегенде үш жыл күндізгі бөлімде оқитын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны