24.01.2019, 18:27 6427

Қазақстанда халықаралық симфониялық оркестрге қатысу үшін жас музыканттарды тыӊдау байқауы жарияланды

Жеӊімпаздарды Цинандалидағы (Грузия) жаӊа халықаралық классикалық музыка фестивалініӊ ұйымдастырушылары анықтайтын болады.

Алматы. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2019 жылдыӊ 22 қаӊтарында Алматыда қазақстандық сазгер және белгілі бизнесмен Еркін Тәтішев 18-28 жас аралығындағы талантты жас музыканттарды тыӊдау үшін қабылдау өткізілетіндігі жөнінде хабарлады. Жеӊімпаздарды Цинандалидағы (Грузия) жаӊа халықаралық классикалық музыка фестивалініӊ ұйымдастырушылары анықтайтын болады.

Қазақстанмен қатар, тыӊдауға Кавказ өӊіріндегі елдерден (Грузия, Армения, Изірбайжан), Украина мен Түркиядан жас музыканттар қатысып жатыр. Іріктеуден өткендер дүниежүзіне әйгілі дирижер Джанандреа Нозеда жетекшілік ететін Пан-Кавказдық жастар симфониялық оркестрініӊ құрамында өнер көрсетпек. Оркестр 2019 жылдыӊ қыркүйегінде Грузияныӊ Цинандали қаласында өтетін фестивальдіӊ резидентіне айналады.

"Танымал эстрадалық музыка мен оныӊ орындаушыларын дамыту мен ілгерілетуге бүгінгі күні Қазақстанда көп күш жұмсалып отыр, алайда классикалық музыкамен шұғылданатын жас музыканттарды қолдауға аз көӊіл бөлініп отыр, - дейді KustoGroup директорлар кеӊесініӊ төрағасы және Цинандалидағы фестивальдіӊ ортақ құрылтайшысы Еркін Тәтішев. - Тыӊдаудан өту арқылы жас музыканттар симфониялық оркестрдіӊ құрамында шеберлердіӊ қол астында үйреніп, халықаралық музыкалық ұжымныӊ қайнар бұлағынан нәр алуға мүмкіндігі бар. Қазақстандық музыканттар жоғары деӊгейге шыға алатындығына сенімдімін. Олар өздерін ары қарай тек жақсы қырынан ғана байқатып, әлемніӊ еӊ үздік оркестрлеріне қосылуға жолдары ашылып, елімізде классикалық музыканыӊ сапасы мен танымалдығын көтеруге өз үлестерін қоспақ".

Осы орайда қазақстандық ақын әрі сазгер, Қазақстан Республикасына еӊбегі сіӊген қайраткер Еркеш Шакеев былай деп атап өтті: "Бұл - жас таланттарға жоғары халықаралық деӊгейде дайындықтан өтіп, жаӊа байланыстарды орнатып, келешек көкжиегін кеӊейту үшін бірден-бір мүмкіндік. Өз бетінше мұндай жұмысты атқару аса қиын екендігін мен өз тәжірибемнен білемін. Ал мұндай оқиғаға ат салысу ілуде бір берілетін сирек бір мүмкіндік екені сөзсіз. Бұл- жас талантты, арманы биік орындаушылар үшін нағыз сый: олардыӊ алдында үлкен өнер әлеміне қадам аттау үшін кеӊ мүмкіндіктер ашылып отыр".

Орындаушылар тыӊдаудан өткен соӊ оркестрге қабылданады. Тыӊдау байқауы 2019 жылдыӊ 21 қаӊтарынан бастап 8 сәуіріне дейінгі аралықта Алматы, Анкара, Баку, Ереван, Киев, Львов, Тбилиси және Ыстамбұлда өтетін болады. Қазақстандық орындаушыларды тыӊдау байқауы 30 наурызда өтеді.

Өтінімдер 22 наурызға дейін фестивальдіӊ келесі сайтында қабылданады: http://tsinandalifestival.ge/submit/.

Оркестрге қатысу үшін тыӊдаудан өткен жеӊімпаздардыӊ барлық шығындарын Цинандали фестивалініӊ ұйымдастырушылары төлейді.

Цинандали фестивалініӊ директоры Давид Сакварелиздебылай деп атап өтті: "Цинандали фестивалі біздіӊ елдеріміздіӊ жаӊа тарих парақшасын ашқалы отыр. Ол - жаӊа, әдемі әрі ауқымды музыкалық оқиғаныӊ бастамасы. Жас орындаушылар Цинандалиде қазіргі заманғы көрнекті музыканттармен бірге тұрып, олардан үйреніп, шығармашылықпен айналысатын болады. Біздіӊ қазіргі қиын-қыстау заманда өнер мен шығармашылық қана жарқын болашаққа жол аша алады дегенге мен бек сенімдімін".

Пан-Кавказдық жастар симфониялық оркестрі Қазақстаннан және Кавказ өӊірінен қатысатын жас талантты музканттарды машықтандыратын жетекші оркестрге айналмақ. Оркестр дирижерлердіӊ жетекшілік етуімен және әлемдік санаттағы солистердіӊ қатысуымен үлкен симфониялық оркестрдіӊ репертуарын орындайтын болады.

2019 жылы оркестрге қатысу мерзімі алты апта құрамақ. Алғашқы үш аптада, 16 тамыз - 7 тамыз аралығында дүниежүзіне әйгілі кәсіби оркестрлардыӊ жетекші музыканттарыныӊ қатысуымен сабақтар мен репетициялар өтеді.

8-22 қыркүйек аралығында Цинандали фестивалініӊ алаӊында атақты дирижерлердіӊ - Джанандреа Нозеда, Юкка-Пекка Сарасте, Омер Меир Веллбер, Лахав Шанидіӊ жетекшілік етуімен репетициялар мен бес концерт өтеді.

Цинандали фестивалі аясында атақты халықаралық музыканттардыӊ қатысуымен күніне екі рет концерт өткізіледі. Пан-Кавказдық жастар симфониялық оркестріне қоса, Вербье фестивалі камералық оркестрініӊ резиденциясы және академиясы толығымен жұмыс жасайтын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны