27.08.2012, 11:34 3154

Қазақстанда І жартыжылдықта ана өлімінің көрсеткіші 13 пайызға, бала өлімінің көрсеткіші 5 пайызға төмендеген

"Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың алдын ала қорытындылары республикадағы негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштердің оң серпінін көрсетуде.

Астана. 27-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда І жартыжылдықта ана өлімінің көрсеткіші 13 пайызға, бала өлімінің көрсеткіші 5 пайызға төмендеген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың алдын ала қорытындылары республикадағы негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштердің оң серпінін көрсетуде.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлайды.

2012 жылдың 5 айының қорытындылары бойынша туу өсімінің 2 пайызға өсуі, тұрғындардың жалпы өлімінің 4,3 пайызға төмендеуі байқалуда, бұл табиғи өсімнің 6,3 пайызға өсуіне әкелді. Нәтижесінде алдағы өмір сүру ұзақтығы 2011 жылдың қорытындылары бойныша 69,01 жылды (2010 жылы - 68,4 жыл) құрады.

2012 жылдың І жартыжылдығында республикадағы ана өлімінің деңгейі 13 пайызға төмендеді.

Бұл кезеңде сәбилер өлімінің көрсеткіші 5 пайызға азайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны