05.09.2016, 15:48 4087

Қазақстанда инновациялық даму картасын дайындау жоспарланған

2000 жылдардан бастап ЕО елдерінде инновацияларды дамытудыӊ интерактивті картасы қолданыла бастады, 2010 жылдан бері Инновациялық одақ қызмет етеді

Астана. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Инновацияны дамыту интерактивтік картаныӊ еуропалық технологиясы 2000 жылдан бастап ЕО-да сәтті жүзеге асып келеді, ол кезеӊмен Қазақстанда да енгізілмек, уақыт өте келе Қазақстан бұл үрдісті өзі дайындап алады. Бұл туралы Еуропалық одақтыӊ зерттеу және инновациялар бойынша "Горизонт-2020" бағдарламасыныӊ үйлестірушісі Камила Магзиева "Инновациялық даму үрдісініӊ еуропалық картасы" халықаралық семинары барысында мәлім етті.

"Дағдарыс кезінде барша әлемніӊ назары инновацияларға ауып жатыр. Себебі тек инновациялар бізді қиын жағдайдан алып шыға алады. Дегенмен инновация - бүгін инновация, ертеӊ - қалыпты жағдай. Болашақ инновацияны қалай анықтауға болады. Бұл өте маӊызды сұрақ. 2002 жылы Еуропалық одақ табиғи каучукты алмастыратын баламаны ойлап табуды қолға алды. Себебі каучукқа деген сұраныс күрт артты және 2016-2018 жылдары тапшылық болар еді. Осыныӊ арқасында 2008 жылы жаӊа жобалар іске қосылды", - деді К. Магзиева.

Осындай тұрғыда Еуропалық инновацияны дамыту диаграммасын Еуропалық одақ барша Еуропаныӊ инновациялық мүмкіндігін айқындау үшін дайындаған болатын. ЕО-дағы инновация дамуыныӊ және болашаққа қойылған жоспарларды жүзеге асырудыӊ негізі болады. ЕО елдерініӊ инновациялық саясаты мен салыстырмалы сараптамасынан болжам беретін құжат ретінде қолданылады. Сондай-ақ, ол тараптар арасында туған қызығушылықты байланыстыратын дәнекер көпір ретінде де қызмет атқарады.

К.Магзива айтып өткендей, 2000 жылдардан бастап ЕО елдерінде инновацияларды дамытудыӊ интерактивті картасы қолданыла бастады, 2010 жылдан бері Инновациялық одақ қызмет етеді. Аталмыш картаны әрбір шағын кәсіпорыннан бастап, министр, басшыға дейін пайдаланады. Соған қарап, олар соӊғы уақыттарда қандай өзгерістер орын алды, қандай да бір өнімніӊ бағасы болашақта қандай болуы ықтимал деген ақпараттарды бақылай алады.

Өз кезегінде аталмыш тәжірибелік семинар ЕО-ныӊ инновациялық даму бойынша интерактивтік картасын құруға мүмкіндік беруді қарастырады. Семинарға қатысушылар өз елдерініӊ инновациялық даму картасыныӊ диаграммасын құратын болады. Олар инновация статистикасы мен қажетті ақпараттарды қолданады. Семинардыӊ басты мақсаттарыныӊ бірі болып еуропалық диаграманы Қазақстанда қолдану бойынша инновациялық даму картасын әзірлеу.

"Семинардыӊ мақсаты - Қазақстан үкіметіне ілкі жоба ретінде инновацияныӊ даму үдерісін бақылауға мүмкіндік беретін теxнологияларды енгізуді ұсыну және осы картаны Қазақстанда жасақтауға күш салу. Ол үшін ғалымдар, министрліктер мен статист мамандар ғана емес, сонымен қатар өнеркәсіп пен өзге агенттіктердіӊ ынтасы қажет. ?азіргі уақытта ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен және ҚР Білім және ғылым министрлігімен тығыз әріптестік орнаған", - деді К. Магзиева.

Айта кетейік, Инновациялық Одақ - инновациялық тұжырымдамалардыӊ бірігуі, мемлекеттік орган мен жеке компаниялар, мекемелер мен өндірістік топтардыӊ, банктер мен бизнес, ғылымдардыӊ ортақ жүйесі болып табылады. ЕО инновациялық одағы ЕО бастамаларыныӊ жеті негізгі бастамаларыныӊ бірі болып есептеледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны