10.12.2007, 15:24 3036

Қазақстанда Интернет туралы заң қажет - Ертісбаев

Қазақстанда Интернет туралы заң қажет - Ертісбаев

Астана. 10 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" -Еліміздің мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев Қазақстанда Интернет туралы заң қажет деген сенімде. Бұл туралы бүгін парламентте өткен үкіметтік сағат барысында еліміздің мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Интернет туралы заң сөзсіз қажет", -деп мәлімдеді ол журналистер сауалына жауап бере келе.

"Сол себепті мен сіздердің қолдауларыңызбен мәжіліске Интернет туралы заңды енгізуді өтінбекшімін", - деді ол депутаттарға қаратып айтқан сөзінде.

Осы орайда ол "мәселе сөз бостандығы ахуалын нашарлату жайында емес", деп атап өтті.

Мәдениет және ақпарат министрі ол өзінің осы жөніндегі бастаманы сәуір айында ортаға салғанын, әйткенмен, "оппозициялық баспасөз беттерінде өткір сынға ұшырағанын" еске салды. Сонымен бірге ол Еуропа елдерінде Интернеттің мемлекет тарапынан реттелетінін атап өтті. Атап айтсақ, "Франция 2000 жылдан бері Интернетте мемлекеттік реттеу енгізген". Ал Швецияның заңнамасында, оның айтуынша, "егер өз сайтында адамның бет-беделіне, ар-намына шіркеу түсіретін балағаттау, қорлау және жалалық сипаттағы дүниелер пайда болған жағдайда сайттың қожайыны немесе провайдер жауапкершілік жүктейтіні айқын көрсетілген".

"Еуропа елдерінде сайттардың қожайындары мен провайдерлері билікке белгілі. Еуропалық сайттардың қожайындары балағаттау және қорлау, ұлтаралық араздыққа үндеу материалдарын алып тастауға міндетті. Ал біздегі сайттарда мұндайдан аяқ алып жүргісіз", - деді Е. Ертісбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны