21.08.2008, 17:18 3580

Қазақстанда интернет-провайдерлерге қатысты шағымдар мәселесінің басы ашық күйінде қалып отыр - сарапшылар

Қазақстанда интернет-провайдерлерге қатысты шағымдар мәселесінің басы ашық күйінде қалып отыр - сарапшылар

Алматы. 21 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда интернет-провайдерлерге қатысты шағым мәселесінің басы ашық күйінде қалып отыр. Бұл туралы "Интернет: сөз еркіндігі және құқықтық жауапкершілік. Қазақстан Республикасындағы Интернетті заңнамалық реттеу тұжырымдамасы туралы" атты қоғамдық тыңдауға қатысушылар мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қазіргі таңда біздің барлығымыз дерлік провайдердің не қойған сауалдарға жауап беруден қашқақтайтын, не бір нәрсе өндіріп алу мүмкін емес келісім-шарттарды ұсынатын жағдаймен бетпе-бет келіп отырмыз", - деді "Иділ сөз" қорының заң қызметінің жетекшісі Иллиозор Кальсин.

Оның айтуынша, интернет-провайдерлердің құқықтары мен міндеттемелері туралы мәселені заңнамалық тұрғыдан реттеу керек.

"Мегалайнға келер болсақ, ол "Қазақтелекомның" бөлімшесі. Мәселені шешу үшін "Қазақтелекомға" ресми түрде арыз жазу керек шығар. Менің ойымша, қолданушылардың біршама бөлігі осылайша "Қазақтелекомнан" өз трафигінің қауіпсіздігін талап ете бастайтын болса, бір нәрсеге қол жеткізу мүмкіншілігі артады", - деп атап көрсетті ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің "Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және сараптама орталығы" мемлекеттік провайдинг орталығының директоры Асхат Оразбек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны