13.07.2015, 15:21 3769

"Қазақстанда іске асырылып жатқан еӊ үздік әлеуметтік жобалар" конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 2015 жылы "Қазақстанда іске асырылып жатқан еӊ үздік әлеуметтік жобалар" республикалық конкурсы өтетіндігі туралы хабарлайды.

Астана. 13 Шілде. Kazakhstan Today - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 2015 жылы "Қазақстанда іске асырылып жатқан еӊ үздік әлеуметтік жобалар" республикалық конкурсы өтетіндігі туралы хабарлайды.

Бұл конкурс республикада үш жыл бойы өткізілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Илеуметтік жобаларды жүзеге асырудыӊ негізгі мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандарға, қарт адамдарға, өмірде қиын жағдайға тап болған тұлғаларға, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, басқа да халықтыӊ әлеуметтік әлжуаз топтарына нақты көмек көрсету болып табылады.

Барлық өӊірлерде үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу жөніндегі комиссиялар құрылған, олардыӊ құрамына үкіметтік емес ұйымдардыӊ (ҮЕҰ) өкілдері, әкімдердіӊ әлеуметтік мәселелерімен айналысатын кеӊесшілері, "Нұр Отан" партиясы бөлімшелерініӊ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ өкілдері және басқа да мүдделі адамдар кірді.

Конкурсқа қызметтері әлеуметтік қорғау жүйеісін дамытуға бағытталған үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, мүгедектердіӊ ұйымдары, жеке тұлғалар, басқа мекемелер мен ведомстволар қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдердіӊ қабылдануын жергілікті атқару органдары 31 тамызға дейін жүзеге асырады.

Облыстық комиссиялардыӊ талқылауыныӊ қорытындысы бойынша еӊ үздік әлеуметтік жобалар республикалық комиссияныӊ қарауына ұсынылады, олар конкурсттыӊ лауреаты атағын беру туралы шешім қабылдайды.

Еӊ үздік әлеуметтік жобалардыӊ тұсаукесер рәсімі және конкурс жеӊімпаздарын марапаттау әлеуметтік қорғау жүйеі қызметкерлерініӊ кәсіби мерекесі қарсаӊында өтеді.

"Қазақстанда іске асырылып жатқан еӊ үздік әлеуметтік жобалар" республикалық конкурсы бірінші рет Астанада 2013 жылы өткенін естеріӊізге саламыз.

Конкурсқа Қазақстанда іске асырып жатқан: жастарды, балалар мен жасөспірімдерді; отбасыларды (отбасылық сәтсіздіктіӊ алдын алу); қиын жағдайларға тап болған әйелдер мен ерлерді; қарттарды, девианттық және делинквенттік міӊез-құлыққа, аддикцияға бейім адамдарды; мигранттарды, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қолдау бойынша жобалар қатысты.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны