07.09.2017, 14:59 4730

Қазақстанда Ислам қаржыландыруы бойынша жаһандық сыйлықтыӊ тапсырылу салтанаты өтті

Соӊғы 7 жыл көлемінде GIFA ислам қаржыландыруы саласындағы көшбасшылық пен шынайы ұстанымға ие жеке тұлғалар мен қаржылық ұйымдарға, үкіметтерге тапсырылған.

Астана. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ислам қаржыландыруы бойынша жаһандық "Global Islamic Finance Awards" (GIFA) сыйлығыныӊ тапсырылу салтанатына қатысты.

Елбасы "Ислам қаржыландыруы бойынша жаһандық көшбасшы" сыйлығын Джибути Республикасыныӊ Президенті Исмаил Омар Геллеге тапсырды.

GIFA әлемдегі ислам қаржыландыруы бойынша еӊ абыройлы сыйлық болып есептелінеді. Соӊғы 7 жыл көлемінде GIFA ислам қаржыландыруы саласындағы көшбасшылық пен шынайы ұстанымға ие жеке тұлғалар мен қаржылық ұйымдарға, үкіметтерге тапсырылған.

Бұл іс-шара өз алаӊында әртүрлі елдердіӊ басшыларын, үкімет төрағаларын және халықаралық ислам қаржыландыру институттарыныӊ өкілдерін жинайды.

Биыл салтанатты шараға 20-дан астам елдіӊ 200-ден астам өкілі - ислам қаржыландыруы индустриясындағы көшбасшылар жиналды.

GIFA сыйлығын әр жылдары ислам қаржысы саласыныӊ дамуына әсер еткен көшбасшылар алған. Салтанатты іс-шара Оман, Малайзия, БАЭ, Бахрейн, Индонезия елдерінде өткен.

2014 жылы "Ислам қаржыландыруы бойынша жаһандық көшбасшы" сыйлығы Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Дубайда өткен 10-шы Илемдік ислам экономикалық форумы кезінде ислам қажыландыруы нарығын аймақтық және халықаралық деӊгейде дамыту және алға жылжыту бойынша қол жеткізген жетістіктері үшін тапсырылған еді.

Биыл жаһандық ислам қаржыландыруы 7-ші сыйлығын ислам қаржыландыруын аймақтық дәрежеде алға жылжытудағы қосқан үлесі үшін Татарстан Президенті Р. Минниханов, Қазақстан Республикасыныӊ Қаржы министрі Б. Сұлтанов, Ресей Федерациясы Орталық Банкініӊ Төрайымы Э. Набиуллина алды және "Үздік банкир", "Үздік исламдық банк", "Ислам қаржыландыруындағы үздік инновациялық өнім" секілді 50-ден астам номинация бойынша сыйлықтар тапсырылды.

Бүгін өз сөзінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда экономиканы индустриализациялау мен инновациялық бағдарламаларды дамытуға арналған шетел инвесторлары үшін тартымды болатын реформаларды белсенді жүргізіліп отырғанын айтты. Ондай жобалардыӊ бірі "Астана" Халықаралық қаржы орталығыныӊ (АХҚО) құрылуы, бұл ағылшын заӊдылығы негізінде жұмыс істейтін және шетел инвестициялары мен үздік қаржы құралдары үшін тартымды, ерекше жағдайға ие айрықша алаӊ болмақ.

Елбасы Қазақстанныӊ осы ислам әлеміндегі жаһандық сыйлықтыӊ тапсыратын орынға айналуы кездейсоқтық емес, өйткені, Қазақстан ТМД, Орталық Азия елдері арасында ислам қаржыландыруын заӊдық тұрғыда енгізіп отырған көшбасшы ел екендігіне тоқталды.

Ислам қаржыландыруы - АХҚО-ныӊ негізгі стратегиялық бағыттарыныӊ бірі. Қаржы орталығы ТМД мен Орталық Азиядағы ислам қаржыландыруы институттарыныӊ орналасатын негізгі хабы болуға тиісті барлық ресурстарға ие.

АХҚО жағымды құқықтық және реттеу жүйесін құруға және ислам қаржыландыруы бойынша өнімдер мен құралдарды дайындауға қатысты белсенді жұмыс істеп отыр.

Ақпарат үшін:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айына Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заӊға қол қойды. АХҚО-ныӊ мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деӊгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеӊестік кеӊістікте тұӊғыш рет ағылшын құқығыныӊ қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығыныӊ ресми тілі - ағылшын тілі болады.

АХҚО-ныӊ міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасыныӊ бағалы қағаздар нарығын дамыту, оныӊ халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.

GIFA. Ғаламдық ислам қаржыландыруы Сыйлығыныӊ (GIFA) негізін құраушы ағылшынныӊ EdBiz Corporation компаниясы, ол Ғаламдық ислам қаржыландыруы бойынша Ғаламдық есепті (Global Islamic Finance Report -GIFR дайындаумен айналысады. Сыйлық ислам қаржысы мен банк секторы бойынша жетістіктер мен қосқан үлесті ескереді. Ир жылдары бұл сыйлыққа Малайзияныӊ экс-премьер-министрі Тан Абдуллах Бадави, Индонезияныӊ Президенті Джоко Видодо, Пәкістанныӊ экс-Премьер-министрі Шаукат Азиз ие болған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны