30.11.2007, 13:59 2875

Қазақстанда IT-индустрияны дамыту бағдарламасын жасау жоспарлануда

Қазақстанда IT-индустрияны дамыту бағдарламасын жасау жоспарлануда

Астана. 30 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда IT-индустрияны дамыту бағдарламасын жасау жоспарлануда. Бұл туралы бүгін ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеев журналистерге берген сұхбатында құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз алдағы 3-4 жылда Қазақстанда ақпараттық технологиялар саласында расында да білікті мамандардың дайындалуы үшін IT-индустрияны дамыту бағдарламасын жасауды жоспарлап отырмыз", - деді Қ. Есекеев. "Электронды үкіметті дамыту бағдарламасын тиімді ілгерілету үшін бізге соған лайықты мамандар керек", - деді ол.

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің төрағасы үкіметтің сейсенбі күні "электронды үкіметті одан әрі дамыту" жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламаны қабылдағанын еске салды. Қ. Есекеевтің айтуынша, бағдарламаны жүзеге асырудан мемлекеттік ресурстарды басқару процестерінің тиімділігі мен ашықтығын көтеру, автоматтандырылған мемлекеттік қызмет көрсету, көрсетілген қызметтің нәтижесін күту мерзімін қысқарту, азамататр мен бизнес үшін әлеуметтік маңызы бар электрондық қызметтер көрсету секілді нәтижелер күтілуде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымызадй, бағдарламаға сәйкес, 2008 жылы "электронды үкіметтің" төлем шлюзі пайдалануға беріледі, ол транзакциялық қызметтерді көрсетуге мүмкіндік береді. "Азаматтардың Интернет арқылы төлем жүйесін пайдалана алуы үшін транзакциялық қызметтердің саны үш жылда 70%-ға дейін өседі деп жоспарлануда", - деді Қ. Есекеев.

Республикада "электронды үкіметті" қалыптастыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны Қазақстан президенті 2004 жылғы күзде бекіткен. Бағдарламаның мақсаты - азаматтар мен ұйымдарды жылдам әрі сапалы мемлекеттік қызметке қол жеткізу мүмкіндігімен қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кең көлемді қолдану жолымен мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігін көтеру болып табылады.

Қ. Есекеев сонымен қатар Қазақстанда былтырдан бері ақпараттық теңсіздікті төмендету және халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейін көтеру бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын еске салды. Оның айтуынша, бағдарлама аясында қабылданған шаралар интернет тұтынушылардың санын екі есе өсіруге жағдай туғызды. "Жалпы алғанда Қазақстанда Интернет тұтынушыларының саны биыл екі есе өсті. Меніңше, тарифтерді одан әрі төмендету есебінен бұл ағым одан әрі жалғасады", - деді агенттік төрағасы. Тұтастай алғанда, оның айтуынша, "сала аса ауқымды даму динамикасын көрсетіп отыр, жыл сайынғы өсім - 30%".

"Болжам бойынша, келесі жылы интернет-қызметтердің құны орта есеппен 10%-ға төмендейді. Осының есебінен тұтынушылар саны ағымдағы жылмен салыстырғанда 15 - 20%-ға өседі", - деді Қ. Есекеев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны