20.04.2011, 11:51 4445

Қазақстанда қала көшелері мен жолдарындағы ауыртпалықты төмендетуге ықпал етіп, көліктер мен жүргізушілерге еркіндік беретін Motorplex атты бірегей жоба жасалуда - баспасөз баяны

Қазақстанда қала көшелері мен жолдарындағы ауыртпалықты төмендетуге ықпал етіп, көліктер мен жүргізушілерге еркіндік беретін Motorplex атты бірегей жоба жасалуда - баспасөз баяны

Қазақстанда қала көшелері мен жолдарындағы ауыртпалықты төмендетуге ықпал етіп, көліктер мен жүргізушілерге еркіндік беретін Motorplex атты бірегей жоба жасалуда - баспасөз баяны

Сәрсенбі 20-сәуір күні сағат 12.00 Kazakhstan Today ақпараттық агенттігінің халықарылық баспасөз орталығында (Республика алаңы, 13 үй) "Қазақстанда қала көшелері мен жолдарындағы ауыртпалықты төмендетуге ықпал етіп, көліктер мен жүргізушілерге еркіндік беретін Motorplex атты бірегей жоба жасалуда" атты баспасөз мәслихаты өтті.

2009 жылы пікірлері бір жерден шыққан бастамашыл топ халықтың көлікпен көңіл көтеру қажеттілігіне деген қызығушылығын қанағаттандыруға мүмкіндік беретін кешен құру туралы шешім қабылдайды. Дәлірек айтсақ, автодромдар немесе тректер емес, кез келген адамның қол жетерлік және де автокөлікке деген қызығушылыққа байланысты әртүрлі бағыттарда бейімделуге болатын бірегей алаң. Тек автоспортының тәртібі бойынша қойылатын техникалық талаптар мен қауіпсіздік талаптарын қатаң орындау керек.

Аталмыш жобаның бірегейлігі оның қауіпсіздігі мен қымбат еместігінде болып табылмақ.

Автодромдар салудағы әлемдік тәжірибелер бар. Жобалаушылар мен құрылысшылардың ұстанатын техникалық нормалары бар. Аталмыш автодромдарда жүзеге асырылатын спорттық тәртіп болады. Осының барлығы автодромның салыну мен оның одан әрі пайдалауына айтарлықтай қаржы жұмсауды талап етеді. Бұл өз кезегінде мұндай кешендердің қол жетімді болуына өз әсерін тигізбей қоймайды.

Бір жағынан жобаға алынып отырған кешен әуесқой автомобильшілердің және қоршаған ортаның барлық талаптарын барынша қанағаттандыруға тиіс. Сонымен қатар ол автодром ретінде қауіпсіз болуы және де шахар тұрғындарының қол жетімді болуы қажет.

MOTORPLEX - MOTOR SPORTS COMPLEX деген сөздің қысқартылған нұсқасы.

Ай сайын 800 астам әуесқой автомобильшілер мен 4000 астам көрермен кешкі уақыттарда әуежайдың ұшу жолағында MOTORPLEX Boraldai-ға деген қызығушылықтарын басады. Ал көрермендер жылдам жүретін көліктердің нағыз сарапшылары болады. Олар шанайы түрде жылдам жүретін көліктерді жасандылардан айыра да алады. Қала көшелеріндегі бырылдап тұрған көліктерді көргенде көңілдерін қаяу басатыны нақ. Олар өздерінің темір тұлпарларына көп күш-жігер мен уақыт жұмсаған адамдармен таныс та болып үлгерген. Олардың көбін үлгі тұтады.

Ал қала көшелеріндегі түнгі және күндізгі көлік жарыстарына үрке қарайтын қала тұрғындары келешекте алаңсыз өмір сүретін болады. Күні кеше ғана қуатты көлік иелерінің қала көшелерінде бақ сынасып, жарыстар ұйымдастырып жататын. Мұның бәріне өз көлігіне қыруар қаржы жұмсаған әуесқой автомобильшілердің көз қарасы бойынша түсіністікпен қарағанмен, қоршаған орта үшін өте қауіпті. Адамның озық болып алға шығу мен жеңсіке жетуге деген табиғи құлшынысы барша жұртқа ыңғайлы да қауіпсіз болатындығына кепіл бола отырып, қамтамасыз етілуге тиіс.

"Boraldai Motorplex" спорттық ойын-сауық кешені 2009 жылы құрылған.

Кешеннің авто-мото іс-шараларын жүргізуге арналған стадионы бар. "Boraldai Motorplex" әлемдік стандарттарға негізделген және де кейбір аспектілері бойынша ҚР үшін, тіптен жалпы ТМД үшін бірегей кешен болып табылады. Қазірде оның құрамында: Дрэг-стрип (дрэг-рейсинг бойынша жарыс жүргізуге арналған трасса); Мәнерлеп жүргізу және дрифтинг бойынша жарыс жүргізуге арналған өзгермелі пішіні бар трек; Автодыбыстар мен автотюнинг бойынша жарыс жүргізуге арналған алаңдар; Авто спортының қауіпсіздік стандарты бойынша салынған және де 1,5 мың адам қабылдайтын көрермендер мінбесіі, соның ішінде кафатерий желісі бар VIP-мінбелер; Марапаттау рәсімдері мен басқа да көңіл көтеру шараларын жүргізуге арналған сахнасы бар көрермен алаңы; Техникалық парк; Баспасөзге арналған аймағы бар.

"Boraldai Motorplex" кешенінің тағы бір ерекшелігі бар. Айта кетсек, бүгінгі күнде арнайы жарықтандыру желісінің арқасында авто-мото шараларын түнгі уақыттарда да жүргізе алады.

Сонымен қатар, кешен қонақтары көңіл көтеру және спорттық шаралардан басқа кешен аумағындағы авиамектептер мен әуеде қыдыру қызметіне де қол жеткізе алады.

2009 жылы кешен аумағында бірқатар шаралар жүргізілген, атап айтқанда:

"Дрэг-рейсинг" пәні бойынша Халықаралық Рейсинг Фестивлінің төрт кезеңі - 2009 жылдың тамыз - қазан айралы

Алматының автоклубтарының тапсырысы бойынша ұйымдастырылған - 3 клубтық іс-шара (BMW, Subaru, EVO)

15 машықтандыру шаралары - өз көліктерін арнайы дайындалған жолда сынап көргісі келгендердің барлығы үшін ашық трек-күндер ұйымдастырылған.

2010 жылдың күнтізбесінде: "дрэг-рейсинг" пәні бойынша 5 кезең - 2010 маусым - қазан "қыста мәнерлеп маневр жасау" пәні бойынша 3 кезең - 2010 қаңтар - желтоқсан 2010 жылдың ақпан айында "Boraldai Motorplex" аумағында ашылған Қауіпсіз Жүргізу мектебінің базасында - жаттықтыру күндері Клубтық күндер - 24 іс-шара Тапсырыс шаралары - кесте тапсырыс берушімен бекітіледі.

Кешен тек спорттық бағытқа ғана негізделмеген. Бұл әлеуметтік және көңіл көтеру жобасы болып табылады. Сондықтан да 2010 жылы спорттық жарыстармен байланыстыра отырып жүргізілетін көңіл көтеру шараларына ерекше көңіл бөлу қарастырылып отыр. Сондай-ақ, "Boraldai Motorplex" кешенінің аумағында өтетін спорттық шаралардың түрлерін кеңейту жоспарлануда. 2010 жылы жарыстар тізіміне картинг және джимкана сияқты көріністер кірген (жоғары жылдамдықпен күрделі траектория бойынша автоманевр жасау).

Аталмыш жобаның негізгі мақсаты қазақстандық автоспортты дамыту, қазақстандықтардың белсенді және қызықты демалыс өткізуі үшін ерекше алаң құру.

Сонымен қатар, 2009 жылы Рейсинг фестиваліне халықаралық статусын беру мүмкіндігі туды. Бұл өз кезегінде алдағы жылы мұндай шараларды жүргізу ТМД-ның басқа да елдерінен қонақтар мен қатысушыларды тартады, деп күтілуде.

Баспасөз мәслихатының спикері:

Сергей Сафонов - MOTORPLEX жобасының басшысы

Александра Соловьева - MOTORPLEX жобасының директоры

Антон Ли -Қазақстанның Драг Рейсинг бойынша чемпионы

Баспасөз мәслихатына қатысты сұрақтар болса келесі телефон нөмірлеріне хабарласуларыңызға болады 258 36 96, +7 701 715 78 15, e-mail: [email protected]

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны