01.02.2012, 12:36 3521

Қазақстанда қаңтар айындағы күн көріс шегі 15 817 теңгені құрады

Бұл көрсеткіш 2011 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 1,3 пайызға, 2011 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 8 пайызға өскен.

Астана. 1-ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанда қаңтар айындағы күн көріс шегі 15 817 теңгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Статистикалық агенттіктің мәліметтеріне сүйенсек, бұл көрсеткіш 2011 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 1,3 пайызға, 2011 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 8 пайызға өскен.

Қаңтар айында күнкөріс шегінің жалпы көрсеткішінде азық-түлік тауарларының үлесі 9490 теңгені, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызмет үлесі - 6327 теңгені құрады.

Күнкөріс шегінде ет пен балық сатып алу шығыны өткен айда 23,4 пайызды, сүт, майлы өнімдер мен жұмыртқа - 16,8 пайызды, жеміс-жидек, көкөніс - 9,6 пайызды, нан және жарма өнімдері - 8 пайызды, қант, шай және дәмдеуіштер - 2,2 пайызды құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны