20.06.2007, 16:23 2779

Қазақстанда қаңтар мен мамыр аралығында ВИЧ індетін жұқтырған 818 оқиға тіркелген, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 14 пайызға артық

АСТАНА. 20 - маусым. Kazakhstan Today. Қазақстанда үстіміздегі жылдың бес айында ВИЧ індетін жұқтырған 818 оқиға тіркелген, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 14 пайызға артық. Бұл туралы бүгін Қазқастан Республикасы үкіметінің жанындағы денсаулық сақтау жөніндегі Ұлттық үйлестіру кеңесінің отырысы барысында Республикалық СПИД-тің алдын алу және күрес орталығының бас директоры Мәриям Хасанова мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бес ай ішінде ВИЧ індетін жұқтырған 818 оқиға тіркелген, бұл көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 5,3 адамды құрайды",- деп хабарлады Мәриям Хасанова. "Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 14 пайызға артық",- деп қосты ол.

М. Хасанованың пайымдауынша, ВИЧ індетін жұқтырғандар санының өсуіне "Оңтүстік Қазақстан облысындағы ВИЧ індеті эпидемиясына байланысты тестілеу саясаты, клиникалық көрсеткіштер бойынша ВИЧ індетін жұқтырғандарды анықтау жұмыстарын пәрмендендіру, жүкті әйелдерді, республикаға келген мигранттарды тексеру де әсер етіп отыр".

Ол, 2007 жылы ВИЧ індетін жұқтырғандар саны еліміздің сегіз аймағында өскен. Ресми мәліметтерге сүйенсек, Шығыс Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырғандар саны 1,9 есеге, Оңтүстік Қазақстан облысында - 1,5 есеге, Алматыда - 1,1 есеге өскен. "ВИЧ індеті Солтүстік Қазақстан облысында (13,6 есе), Ақтөбеде - 3 есеге, Жамбыл облысында - 2,5 есеге, Маңғыстау облысында 2 есеге, Ақмола облысында 1,8 есеге және Астанада - 1,5 есеге артқан",- деп атап өтті Мәриям Хасанова.

ВИЧ індетін жұқтырған адамдардың көп шоғырлануы Қарағанды облысының Теміртауында байқалады. "1990 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін 1432 жағдай анықталған, бұл республика көлемі бойынша ВИЧ індетін жұқтырғандардың 16 пайызын құрайды",- деді ол.

Мәриям Хасанованың айтуынша, ВИЧ індетін жұқтырғандар кеселді көп жағдайда (73 пайызы) тамырға есірткі егу салдарынан жұқтырған. Сонымен қатар, індетті жыныс жолы арқылы жұқтырғандар саны да қарқынды өсіп келеді. "2006 жылдың 5 айындағы індетті жыныс жолымен жұқтырудың үлесі 23,8 пайызды құраған және өткен жылдың қорытындысы бойынша олардың саны 16,5 пайызды құраған",- деп атап көрсетті Мәриям Хасанова.

СПИД орталығының мәліметтеріне сүйенсек, республикада ВИЧ індетін жұқтырған жүкті әйелдердің саны өсуде. "Бұлар, әдетте есірткі егуге тәуелділермен қатынаста болған әйелдер",- деп түсіндірді Мәриям Хасанова.

Абақтыдағылардың арасындағы ВИЧ індетін жұқтырғандар саны да өсуде. "2007 жылдың 5 айындағы ВИЧ індеті анықтаған жағдайды талдау індетті жұқтырғандығы анықталғандардың көптеген бөлігі бас бостандықтан айыру орындарындағылар екендігін көрсетіп отыр, 33,3 пайыз. Яғни, бас бостандығынан айыру орындарында індеттің таралуы қарқын алған",- деп түсіндірді орталық директоры.

Мәриям Хасанова, Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің жүйесінде ВИЧ/СПИД-тің алдын алу жөніндегі мекемелік қызметті ұйымдастыру қажет деп санайды, атап айтқанда, оның пайымдауынша, есірткіні инемен тұтынушылар үшін шприцтер алмасу жөніндегі бағдарлама енгізу керек. "Мұндай тәжірибе ТМД-ның бірнеше елдерінде бар, ол өзінің жақсы нәтиже беретіндігін көрсетіп отыр, және де осыдан болып бұл жүйенің беделі түспейді",- деп қосты Мәриям Хасанова.

Сонымен қатар Мәриям Хасанованың айтуынша, республикада ВИЧ індетінің донорлық қан арқылы таралуының алдын алу туралы мәселе өзекті болып қала бермек. "Үстіміздегі жылы әлеуетті донорлар қатарынан 17 ВИЧ індетін жұқтыру оқиғасы тіркелген",- деп атап көрсетті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны