02.03.2007, 12:27 2895

Қазақстанда қарапайым азаматты қорғайтын құқықтық тетік жоқ деп санайды республиканың белді заңгері

АЛМАТЫ. 2 наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстанда қарапайым азаматты қорғайтын құқықтық тетік жоқ деп санайды республиканың белді заңгері. Ол республиканың 70-тен астам заңы мен Конституцияны дайындауға қатысқан академик Майдан Сүлейменов.

"Заңдар жақсы-ақ, алайда олардың қалай жүзеге асырылуына көңіл толмайды. Қарапайым азаматтарды қорғайтын заң тетіктері жоқ",-деді М.Сүлейменов "Время" басылымына берген сұхбатында.

М.Сүлейменовтың Алматының орталық ауданында салынған үйі өзге тұрғын үйлермен қатар бұзылуы тиіс. "Маған дәл осындай жағдайға тап болған адамдар жиі келетін. Сондықтан бұзылған үй үшін берілетін өтемақының көп жағдайда әділ бола бермейтінін білетінмін",-деді ол. М.Сүлейменов Алматының көркеюіне қарсы емес. "Алайда жеке меншік иелерінің де мүдделері де назардан тыс қалмағаны жөн",- деді заңгер.

М.Сүлейменовтың айтуынша, "жеке меншік иелері ойына келгенін жасайтын билік иелерінің алдында қорғансыз болып қалды", "қаланың бас жоспарын кімнің қалай жасап жатқанын ешкім білмейді. Сол үшін де азаматтар биліктің тегеуріні алдында әлсіз болып отыр",-деп пікірін білдірді заңгер.

М. Сүлейменовтің айтуынша, оның үй тұрған аймақта ( "Қазақстан темір жолы" ҰК президентінің баласы Е.Атамқұловтың баласының қатысы бар) "Айсер" фирмасы ойын-сауық орталығын салуды жоспарлап отыр. Алайда заңгер бұл жерде ойын-сауық салатындай ешбір "мемлекеттік мұқтаждық" жоқ деп санайды, әрі ондағы үйлердің барлығы да жаңа көрінеді.

Заң ғылымдарының докторы лауазымы бар М.Сүлейменов бұл тартыста жеңіске жетпек ойы бар. "Мен өмір бойы заң жазумен келемін. Енді қазір өз құқымды қорғап қала аламын ба деген сұрақ мені қызықтырып отыр. Егер қорғай алмасам, кім маған жанашыр болмақ? Соттассам да аяғына дейін барам!",-деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны