31.08.2012, 17:08 6960

Қазақстанда кардиохирургтардың бірінші ұлттық конгресі өтеді - баспасөз баяны

Конгреске АҚШ, Германия, Израиль, Чехия, Түркия, Литва, Ресей және басқа да елдерінің танымал кардиологтары қатысады.

Астанада 2012 жылдың 2 қыркүйегінде кардиохирургтардың бірінші ұлттық конгресі өтеді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Конгреске АҚШ, Германия, Израиль, Чехия, Түркия, Литва, Ресей және басқа да елдерінің танымал кардиологтары қатысады.

Жиын барысында кардиология, кардиохирургия, интервенциондық кардиология, аритмология, ядролық медицина, мейірбике ісі салалары бойынша пленарлық отырыс өтеді деп жоспарланған. Ирі кардиохирургия, балалар кардиохирургиясы мен ядролық медицина, кардиология және сауықтыру, мейірбике ісі бойынша секциялар жұмыс істемек.

Сонымен қатар, 4-6 қыркүйек аралығында ҰҒКО базасында Еуропа кардио-торакалдық хирургия қауымдастығы аясында шеберлік класстары өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны