30.03.2012, 11:29 3838

Қазақстанда кардиологтар мен рентгенхирургтардың І съезі өтеді

Мұндай деңгейдегі шара Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылмақ. Съезге қатысушылар еліміздегі интервенциялық кардиологияның дамуына қатысты өзекті тақырыптарды, қан тамыры хирургиясының проблемаларын, сонымен қатар заманауи емдеу тәсілдерін жан-жақты талқыға салады. Оның жұмысына Қазақстанның танымал кардиологтары мен хирургтары және халықаралық мамандар қатысады.

Астана. 30-наурыз. Kazakhstan Today - 1-2 сәуір күндері елордадағы Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың базасында "Қазақстандық интервенциялық кардиологтар және рентгенхирургтар қоғамы" республикалық қоғамдық бірлестігінің І съезі өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы "Ұлттық медициналық холдингі" АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, мұндай деңгейдегі шара Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылмақ. Съезге қатысушылар еліміздегі интервенциялық кардиологияның дамуына қатысты өзекті тақырыптарды, қан тамыры хирургиясының проблемаларын, сонымен қатар заманауи емдеу тәсілдерін жан-жақты талқыға салады. Оның жұмысына Қазақстанның танымал кардиологтары мен хирургтары және халықаралық мамандар қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны