02.10.2007, 14:10 3141

Қазақстанда қариялар күнін атап өтті (кеңейтілген нұсқасы)

Қазақстанда қариялар күнін атап өтті


Астана. 2-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда дүйсенбі күні Қариялар күні аталып өтілді. Бұл жөнінде дүйсенбі күні апталық жедел кеңес барысында Астана әкімінің орынбасары Ерік Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Сондай-ақ, Елорда әкімшілігінде қазанның бірінде "Көктал-1" шағын ауданында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев ардагерлермен кездесу өткізіп, оларды мерекелерімен құттықтайтын жеткізді.

Астана әкімінің баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, еліміздің Бас қаласында жасы бойынша зейнетақыға шыққан 37 мыңнан астам зейнеткер бар. Қариялар күнінде қарттар мен кейуаналардың шеру өткізуі дәстүрге айналды. "Аға буын өкілдеріне жергілікті бюджет есебінен Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті тарапынан айтарлықтай қолдау көрсетіледі", - деп атап өтті әкімшіліктегілер.

Атап айтқанда, 70 жасқа жеткен және одан кәрі азаматтарға Қариялар күніне орай жыл сайын 1 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетіледі. Ал 2007 жылы аталмыш санатта көмек алушылар саны 14 мың адамнан асып жығылды.

Сондай-ақ, әкімшілік атап өткендей, бірнеше жыл көлемінде азаматтардың дербес бөліктері, оның ішінде жасы бойынша зейнеттік демалысқа шыққан зейнеткерлер қалалық қоғамдық көліктердің барлық түрлерінде тегін жүру құқына ие және тіс салу бойынша тегін қызмет көрсетіледі. Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагерлеріне мерекелік күнтізбеге сәйкес, 1 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек көрсетіледі. Ал кәсіпорындар мен ұйымдардан көмек алмайтындарға жылына 2000 теңгеге дейін көмек көрсетіледі. Биылғы жылдың қазанында көмекке зәру 600 Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагерлерлеріне 1 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек көрсетіледі.

Сонымен бірге, баспасөз қызметінің айтуынша, Астана қаласында 1982 жылдан бері жалғызбасты, қартайған және еңбекке жарамсыз азаматтарға көмек қолын созатын әлеуметтік қызмет жұмыс істеп келеді. Мұндай санаттағы адамдар саны қалада 234 адамды құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны