20.09.2007, 18:11 3105

Қазақстанда кәсіпорындардың 476 қызметкерінің кәсіби ауру екендігі ресми түрде расталды

Қазақстанда кәсіпорындардың 476 қызметкерінің кәсіби ауру екендігі ресми түрде расталды.

Қарағанды. 20 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда кәсіпорындардың 476 қызметкерінің кәсіби ауру екендігі ресми түрде расталды. Бұл туралы бүгін республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция асында өткен баспасөз мәслихатында Қарағандыдағы еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар жөніндегі ұлттық орталығының бас дәрігері Сәуле Мұхаметжанова хабарлады.

"Өкінішке орай, кәсіби науқастарды санап шығу өте күрделі", - деді бас дәрігер. "Жұмыс берушілер мұндай деректі жасыруға тырысады, ал бірінші сатылы кәсіби тексерумен шұғылданатын медициналық ұйымдар жұмыс берушіден мекемелік және қаржылық тұрғыда тәуелді", - деді ол. Сонымен бірге, оның айтуынша, жұмысшылардың өзі көп жағдайда жалақысынан айрылып қалмау үшін өздерінің денсаулық ахуалына қатысты шынайы ақрпаратты жасыруға тырысады.

Республиканың бас санитарлық дәрігері Анатолий Белоногтың айтуынша, "тек биылғы жылы жұмыс істеу жағдайы мен өнеркәсіптік гигиеналық талаптарды бұзғаны үшін мемлектетік санитарлық -эпидемилогиялық қадағалау қызметі 30 млн астам теңгенің айыппұлын салған.

"Елімізде нормативтік-құқықтық база жоқ, ал қазіргі барлары әбден ескірген. Сонымен бірге, еліміздегі барлық ірі кәсіпорындарда "кәсіби ауру" деген сөздің тіс жарып шықпауы үшін қолынан келгенді жасап бағатын заңгерлер баршылық", - А. Белоног.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны