17.05.2017, 14:41 4073

Қазақстанда ҚАТ ауқымын кеӊейту жобасын Қызылорда облысында еӊгізу бойынша қоғамдық тыӊдаулар өтеді

Қазақстанда АИТВ індетініӊ алдын алу және есірткіге тәуелділікті емдеуге арналған қолдайтын алмастырушы терапияныӊ (ҚАТ) ауқымын кеӊейту жобасын Қызылорда облысында еӊгізу бойынша қоғамдық тыӊдаулар өтеді,- деп хабарлайды Kazakhstan Today "Аман-саулық" Қоғамдық қорына сілтеме жасап.

Қызылорда. 17 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанда АИТВ індетініӊ алдын алу және есірткіге тәуелділікті емдеуге арналған қолдайтын алмастырушы терапияныӊ (ҚАТ) ауқымын кеӊейту жобасын Қызылорда облысында еӊгізу бойынша қоғамдық тыӊдаулар өтеді,- деп хабарлайды Kazakhstan Today "Аман-саулық" Қоғамдық қорына сілтеме жасап.

"Аман-саулық" Қоғамдық қоры, АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID), Орталық Азия Еуразия қорыныӊ қаржылық қолдауымен, сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және "Орталық Азиядағы АИТВ-мен өмір сүретін тұлғалардыӊ қауымдастығы" ЗТБ-мен ынтымақтаса отырып, "Қазақстанда АИТВ індетініӊ алдын алу және есірткіге тәуелділікті емдеуге арналған қолдайтын алмастырушы терапияныӊ (ҚАТ) ауқымын кеӊейту" жобасын Қызылорда облысында жүзеге асыру мәселесі бойынша аймақтық қоғамдық тыӊдаулар өткізеді.

Жоба мақсаты - Қазақстан Республикасында екпе есірткілерді қолданатын тұлғалар арасындағы АИТВ індетініӊ алдын алу және де есірткі тәуелділігін емдеуді барынша қолжетімді ету.

"Аман-саулық" қоры аталмыш жоба аясында Қазақстанда ҚАТ ауқымын кеӊейту мәселелеріне қатысты еӊ үздік және сенімді ақпаратты жариялау жөнінде республикалық және аймақтық БАҚ арасында байқау басталғандығы туралы хабарлайды.

Қоғамдық тыӊдаулар 19 мамырда, сағат 10.00И13.00 өтеді (Қызылорда қаласы, облыстық Наркологиялық орталығы, Шүкіров көшесі, 52 үй, 2 қабат)

Қоғамдық тыӊдауларға қатысушылар:

Бахыт Түменова - "Аман-саулық" ҚҚ президенті, Асылхан Ибішев И ҚР ДСМ ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі Республикалық орталық басшы орынбасары, Дәулет Байпеисов - ҚР ДСМ Психикалық денсаулық жөніндегі республикалық ғылыми-тәжірибелік орталық басшы орынбасары, сондай-ақ, республикалық және жергілікті мемлекеттік органдармен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны