18.12.2012, 11:52 3083

Қазақстанда қатерлі ісікпен күресетін бес жоғары мамандандырылған орталық құрылады

Бұл туралы бүгін "Қазақстан-2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын талқылау үшін өткен елордалық активтің басқосуында Астана қалалық онкологиялық диспансердің бас дәрігері Мұхтар Төлеутаев мәлім етті.

Астана. 18-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанда қатерлі ісікпен күресетін бес жоғары мамандандырылған орталық құрылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін "Қазақстан-2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын талқылау үшін өткен елордалық активтің басқосуында Астана қалалық онкологиялық диспансердің бас дәрігері Мұхтар Төлеутаев мәлім етті.

"Елбасымыз Жолдауында онкология саласына ерекше көңіл бөлді. Келер жылды онкология жылы деп айтуға болады. Осы жылы Үкімет қаулысымен бекітілген бағдарлама қабылданды. Бағдарлама аясында бес жылға арналған онкология саласын дамыту жоспары қабылданды. Жоспар бойынша, елімізде бес жоғары мамандандырылған орталық құрылады. Сондай-ақ жаңа құрал-жабдықтар сатып алу мәселесі мен дәрігерлердің онкологиялық білімін жетілдіру мәселесі де өз шешімін табады", - дейді Мұхтар Есенжанұлы.

Айта кетейік, бүгін Астана қаласының әкімдігінде Елбасы Жолдауында айтылған мәселелер жан-жақты талқыланып, қалалық актив алға қойылған міндеттерді сөз етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны