03.02.2012, 14:19 3343

Қазақстанда қатты аязға байланысты тағы да дауылды ескерту жарияланды

Ауа температурасы республиканың көптеген бөлігінде 3 ақпанда ауқымды антициклон ықпалында қалуда. Тек Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығысында және шығысында циклонның әсер етуімен бірге ауа райының құбылмалы мінезі сақталып қалуда.

Астана. 3-ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанда қатты аязға байланысты тағы да дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақмола облысы мен Астана қаласында ауа райының күрт бұзылуына байланысты (қатты аяз) 2 ақпан күні сағат 12. 00-ден бастап қоғамдық көліктің барлық түрлеріне барлық бағыттарға жол қозғалысы жабылды, деп хабарлайды BNews.kz ақпараттық агенттігі. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облыстарында да осындай күн райының күрт бұзылуынан жол бойындағы автокөлік қозғалыстары толық тоқтатылған.

Ал ауа температурасы республиканың көптеген бөлігінде 3 ақпанда ауқымды антициклон ықпалында қалуда. Тек Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығысында және шығысында циклонның әсер етуімен бірге ауа райының құбылмалы мінезі сақталып қалуда.

Жамбыл облысында кейбір жерлерде тұман, көктайғақ, желдің секундына 18-23 метрге дейін күшеюі күтіледі. Оңтүстік Қазақстан облысында кейбір жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің секундына 16-21 метрге дейін күшеюі болады деп күтілуде. Қызылорда облысында кейбір жерлерде тұман, желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі күтіледі. Қостанай, Атырау, Ақтөбе облыстарында кейбір жерлерде бұрқасын, желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кейбір жерлерінде бұрқасын, желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі күтіледі, жел екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді. Алматы облысында - кейбір жерлерде тұман, көктайғақ, Жалаңашкөл ауданында желдің секундына 18-23 метрге дейін күшеюі күтіледі. Маңғыстау облысында кейбір жерлерде көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысында кейбір жерлерде тұман түседі деп күтілуде.

Қарағанды облысында түнде қатты, кейбір жерлерде өте қатты аяз болады. Солтүстік Қазақстан облысында, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола облыстарының кейбір жерлерінде түнде қатты аяз сақталады. Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстарында түнде кейбір жерлерде қатты аяз сақталады.

Таяудағы тәуліктерде Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының көптеген өзендерінде мұз құбылыстарына байланысты су деңгейлерінің ауытқулары байқалады, жекелеген өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны