14.09.2006, 13:02 3094

Қазақстанда қазіргі жағдаймен 20 мың заңсыз мигрант заңдастырылды

АСТАНА. 14-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстанда қазіргі жағдаймен 20 мың заңсыз мигрант заңдастырылды. Бұл туралы бүгін еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде өткен алқа мәжілісінде министр Гүлжан Қарағұсова құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, науқан "Заңсыз еңбек мигранттарын заңдастыруға байланысты рақымшылық жасау туралы" 2006-жылдың 4-шілдесінде қабылданған заңды жүзеге асыру аясында іске асырылуда.

Легализация аясына Қазақстан Республикасы аумағына заң күшіне енгенге дейінгі алпыс күнтізбелік күн ішінде келген шетел азаматтары еніп, оларға ерекше үлгідегі көші-қон карточкасы беріледі.

Заңдастыру шарасы 31-желтоқсанға дейін созылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны