21.01.2015, 10:51 3913

Қазақстанда келісімшарт бойынша әскери қызметшілердіӊ саны жыл сайын артып келеді

Қазақстанда Қарулы Күштерді келісімшарт бойынша жасақтау жүйесі 2002 жылдан бастап кезеӊ-кезеӊмен енгізілген болатын. Қазіргі уақытта ҚР ҚК әскери қызметшілері жалпы саныныӊ 74 пайызы келісімшарт бойынша қызмет етуде. Бұныӊ мөлшері жыл сайын 4-5 мыӊ адамға ұлғайып келеді

Астана. 21 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда Қарулы Күштерді келісімшарт бойынша жасақтау жүйесі 2002 жылдан бастап кезеӊ-кезеӊмен енгізілген болатын. Қазіргі уақытта ҚР ҚК әскери қызметшілері жалпы саныныӊ 74 пайызы келісімшарт бойынша қызмет етуде. Бұныӊ мөлшері жыл сайын 4-5 мыӊ адамға ұлғайып келеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Келісімшарт бойынша қызметке қабылданатын әскери қызметшілер мемлекет тарапынан қомақты әлеуметтік қолдау көреді.

Келісімшарт бойынша әскери қызметші мен оныӊ отбасы мүшелері тұрғын үймен қамтамасыз етіледі несе оны жалдағаны үшін өтемақы алады. Жекешелендіру құқығы барлардан басқасы әскери қызметтен босаған жағдайда қызметтік тұрғын үйді қайтарады.

Сонымен қатар тегім медициналық қызмет көрсету көзделген. Жиырма жылдан артық еӊбек сіӊіріп қызметтен босатылғандар әскери-медициналық мекемелерде тегін емделуін жалғастырады, ал жиырма бес жылдан аса қызмет еткендер санаторлық-курорттық емделумен қамтамасыз етіледі.

Тұрғын үй берілуі мен тегін медициналық қызмет көрсетуден басқа келісімшарт бойынша әскери қызметші мен оныӊ отбасы мүшелері басқа орынға көшкен жағдайда әуе, теміржол, су жолы және автомобиль көліктері қызметтерін тегін пайдалана алады, балаларына балабақшадан кезектен тыс орын беріледі.

Келісімшарт бойынша қызмет - саналы түрде және кәсіби негізде ерікті Отан қорғаушы болу мүмкіндігі. Бүгінгі таӊда Қазақстан армиясы аралас жасақтау принципін ұстанып келеді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны