12.06.2012, 15:43 29422

Қазақстанда киіктер саны өсіп келеді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі киіктер санын 500 мыңға жеткізуге ниетті. Бұл туралы бүгін брифинг барысында Орман және аң шаруашылығы комитетінің төрағасы Ерлан Нысанбаев айтты.

Астана. 12-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда киіктер саны өсіп келеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі киіктер санын 500 мыңға жеткізуге ниетті. Бұл туралы бүгін брифинг барысында Орман және аң шаруашылығы комитетінің төрағасы Ерлан Нысанбаев айтты.

"Адамзат қызметінің, оның ішінде өнеркәсіптің, индустрияландырудың, мұнай мен газды өндірудің, коммуникация мен желілерді құрудың салдарынан біздің сол бір кездегі киік санына қол жеткізуіміз неғайбыл. Дегенмен де қазіргі уақытта бізде киіктер басын жарты миллионнан асыруға шынайы мүмкіншіліктеріміз бар. Бұл шынайы сан, біз осы бағытта жұмыс істейтін боламыз", - деді ол.

Бірақ та комитет төрағасының айтуына қарағанда, киіктерді қорғауды қаржыландыруда проблемалар бар. "2001 жылы бізге 14 млн. теңге бөлінген болатын. Бүгінгі таңда киіктерді қорғауға 200 млн. теңге бөлінеді. Біз бұл көлемді де жеткіліксіз деп санаймыз. Өйткені, бұл жануарлардың бүгінгі таңдағы жайылым аумағы 10 өңірдің шамамен 100 млн. гектарды құрайды", - деді ол.

Айта кетейік, қазіргі таңда ел аумағында 136,57 мың бас киік бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны