12.10.2012, 15:30 3266

Қазақстанда қыркүйек айында орташа жалақы 12,3 пайызға өскен

Агенттік мәліметтеріне қарағанда, салалық құрылымда ең үлкен жалақының кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда - 204,9 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,0 есеге асады), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте 196,2 мың теңге (1,9 есе), қаржы және сақтандыру қызметінде - 180,5 мың теңгеге (1,7 есе) белгіленген. Ал ең төменгі жалақы көрсеткіші ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді және бұл 54,9 мың теңгені құраған. Аталған көрсеткіш ел бойынша орта көрсеткіштен 47,5 пайызға төмен.

Астана. 12-қазан. Kazakhstan Today - Тамыз айында бір қызметкердің орташа жалақысы 104 546 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2011 жылғы тамызға 112,3 пайыз, ал нақты жалақы индексі 107,2 пайызға тең болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Агенттік мәліметтеріне қарағанда, салалық құрылымда ең үлкен жалақының кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда - 204,9 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,0 есеге асады), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте 196,2 мың теңге (1,9 есе), қаржы және сақтандыру қызметінде - 180,5 мың теңгеге (1,7 есе) белгіленген. Ал ең төменгі жалақы көрсеткіші ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді және бұл 54,9 мың теңгені құраған. Аталған көрсеткіш ел бойынша орта көрсеткіштен 47,5 пайызға төмен.

Сонымен қатар, өңірлік бөліністерге келсек, ең жоғарғы жалақы Атырау облысында - 199,4 мың теңге шамасында белгіленді. Бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,9 есеге асады. Ал Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 71,0 мың теңгені құрап, республикалық орташа деңгейден 32,1пайызға төмен көрсеткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны