13.06.2017, 15:05 3567

Қазақстанда қытай киносы күндері өтіп жатыр

Қытай киносы фестивалі және Шыӊжаӊ Ұйғыр автономиялық ауданы киносы күндері аясында Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясына ШҰАА ақпарат, баспасөз және телерадио басқарма басшысы Уан Шычен бастаған бір топ қытай кинематографистері келді.

Алматы. 13 маусым. Kazakhstan Today - Қытай киносы фестивалі және Шыӊжаӊ Ұйғыр автономиялық ауданы киносы күндері аясында Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясына ШҰАА ақпарат, баспасөз және телерадио басқарма басшысы Уан Шычен бастаған бір топ қытай кинематографистері келді.

Қытай кинематографистерін "Қазақфильмніӊ" Эксперттік кеӊес теӊ төрағасы Бекболат Шекеров және қазақ киносыныӊ мэтрлері Асанәлі Ишімов, Сатыбалды Нарымбетов және де қазақстандық кинематографистері қарсы алды. Қытайдан келген қонақтарға киностудия аумағында экскурсия жасалды, оларға "Қазақ хандығы" сериалыныӊ декорациясы, түсірілім алаӊдары, костюм қоймасы, таспа-зертханалық кешені көрсетілді. Сондай-ақ қонақтарға қазір өндірісте жүріп жатқан "Мұзбалақ" толық метражды анимациялық фильмініӊ трейлері көрсетілді. Экскурсия соӊынан дөӊгелек үстелде бірлесіп жұмыс жасау туралы мәселелері талқыланды.

- "Қазақфильм" киностудиясына қонақтап келгендеріӊізге қуаныштымыз. Өзіӊіз білетіндей, 9 маусым күні Қытай баспасөз, кино, радио және телекөрсетілім мәселелері бойынша мемлекеттік әкімшілік пен Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министірлігі арасында кино өндіріс саласы бойынша Үкіметаралық келісімге қол қойылды. Бұл құжат бойынша біздіӊ мемлекеттердіӊ киноматографистері бірлескен жобалар жасауға мүмкіндік алады. "Қазақфильм" киностудиясында "Композитор" атты Қазақстан-Қытай бірлескен жобасын іске қосылғанын атап айтқым келеді. Бұл жоба екі ел киноматографистері арасындағы алтын көпір болады деп үміттенемін - деді, "Қазақфильмніӊ" Эксперттік кеӊесініӊ теӊ төрағасы Бекболат Шекеров.

Өз кезегінде, ШҰАА ақпарат, баспасөз және телерадио басқарма басшысы Уан Шычен, қазақстандық кинематографистері жылы қарсы алғандары үшін алғысын білдіріп, былай деді: "Бізге тарихы мол киностудияны көруге мүмкіндікті бергендеріӊіге алғыс білдіреміз. Және біз бірлескен жобалар туралы сіздердіӊ ұсыныстарыӊызды қарастыруға дайын екенімізді атап өткім келеді".

Дөӊгелек үстел барысында әріптестер Қазақстан мен Қытай кинематографиясындағы мәселелер мен жетістіктер туралы пікір алмасты. Кинодраматург Нұрлан Санжар қытайлық әріптестеріне Жібек жолы туралы жоба жасауға ұсыныс тастады. Осы мезетте ұлты қазақ қытайлық актер Данияр Толқын "Қазақфильмніӊ" "Тұмар" кинокартинасыныӊ кастингіне қатысып үлгерді.

Естеріӊізге сала кетейік, 2017 жылдыӊ 10 маусымында Алматы қаласында Қытай кино фестивалі аясында "Kinopark 11 IMAX 3D" кинотеатрында Шыӊжаӊ Ұйғыр автономиялық ауданы киносы күндерініӊ салтанатты ашылуы болды.

Шараныӊ ұйымдастырушылары: ШҰАА ақпарат, баспасөз және телерадио басқармасы, Қазақстан Республикасындағы ҚХР елшілігі және Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамы.

Осы іс-шараныӊ негізгі мақсаты кинематография саласындағы екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайту, сондай-ақ қытайдыӊ қазіргі киносымен қазақ көрермендерін таныстыру.

Алматыда өткен іс-шараға Қытайдан үлкен делегация келді, олардыӊ ішінде: ШҰАА ақпарат, баспасөз және телерадио басқарма басшысыныӊ орынбасары Лю Е, "Шыӊ жаӊ" киностудиясыныӊ басшысыныӊ орынбасары Мұрат Мәмет, продюсер Табыс Жақия, актерлер: Данияр Толқын, Құндыз-ай Таш, Абдукерім Аблиз, Ділшат Барат және басқалар.

Шыӊжаӊ кино күндері ашылуында "Ақшаныӊ әлегі" кинокомедиясы көрсетілді. Сондай ақ, іс-шара аясында 15 мен 28 маусым аралығында тағы да үш кинокартина көрсетіледі: "Арман асуы" (реж. Су Лей); "Гүлбике" және "Шынайы махаббат" (реж. Шерзат Яқұб).

Кино көрсетілімдері "Kinopark 11 (Есентай) IMAX 3D" (Ил-Фараби даӊғылы, 77/8, СО Esentai Mall) өтетін болады. Кіру тегін.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны