14.12.2015, 20:03 3410

Қазақстанда қызамықпен сырқаттану көрсеткіші 77 есеге азайды

2015 жылдыӊ 11 айында Қазақстанда қызамықпен сырқаттанудыӊ көрсеткіші өткен жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда 77 есеге азайып, 100 мыӊ тұрғынға шаққанда 2 жағдай тіркелді (2014 жылдыӊ 11 айында 100 мыӊ тұрғынға шаққанда 152 жағдай)

Астана. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today - 2015 жылдыӊ 11 айында Қазақстанда қызамықпен сырқаттанудыӊ көрсеткіші өткен жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда 77 есеге азайып, 100 мыӊ тұрғынға шаққанда 2 жағдай тіркелді (2014 жылдыӊ 11 айында 100 мыӊ тұрғынға шаққанда 152 жағдай), деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстанда халықты жоспарлы түрде қызамыққа қарсы иммунизациялау қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы құрамдастырылған вакцинациялау арқылы жүргізіліп келеді. Бұл ҚР Профилактикалық егу ұлттық күнтізбесіне кіреді.

Вакцинациялау нәтижесінде соӊғы 20 жылда республикада қызамықпен сырқаттану деӊгейі 1300-ден астам есеге азайды. Қызамық - ауру адаммен тығыз қатынаста болғанда ауа-тамшылы жолмен жұғатын респираторлық вирусты жіті инфекция. Жүкті әйелдер үшін қызамық ауруы өте қауіпті. Себебі, құрсақтағы нәресте 85%-ға дейін ауыр зақымдануы мүмкін. Сонымен қатар, дамудыӊ ауытқушылық үштігі түріндегі (жүректіӊ қолқалық кемістігі, катаракта, саӊыраулық) туа біткен қызамық синдромы туындайды. Орталық жүйке жүйесініӊ, микрофтальмгения, гемморагиялық синдром (тромбоцитопения нәтижесінде), зәр шығару және ас қорыту жүйелері дамуыныӊ кемістігі мен қаӊқаныӊ зақымдануы да аз кездеспейді.

Вакцинациялау - қызамықтыӊ алдын алу бойынша бірден бір тәсіл болып табылатынын атап айту керек. Қазақстанда халықты аталған ауруға қарсы иммунизациялау екі мәрте жүргізіледі: 12 мен 15 ай аралығындағы жаста және 6 жаста.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны