28.10.2015, 16:34 3670

Қазақстанда қызылшаға қарсы вакцинациялау аясында мақсатты топтыӊ жалпы санынан 97% адам қамтылды

Ағымдағы жылдыӊ 28 қазанындағы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясыныӊ аясында мақсатты топтыӊ жалпы санынан (318 мыӊ 724 жасөспірім) 15-19 жас аралығындағы 309 мыӊ 453 адам немесе 97,1% жасөспірім вакцинацияланды

Астана. 28 Қазан. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдыӊ 28 қазанындағы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясыныӊ аясында мақсатты топтыӊ жалпы санынан (318 мыӊ 724 жасөспірім) 15-19 жас аралығындағы 309 мыӊ 453 адам немесе 97,1% жасөспірім вакцинацияланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вакцинациялаумен кемінде 95%-дық қамтуды ұсынды.

Бүгінгі таӊда қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясы 13 аймақта өз жұмысын аяқтады. Оныӊ ішінде Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қызылорда облыстарында 100%, Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Атырау облыстары және Астана мен Алматы қалаларында 95-97%-дан астам адам қамтылды.

Қазірде Алматы, Маӊғыстау, Оӊтүстік Қазақстан облыстарындағы уақытша медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарға қызылшаға қарсы "тазарту" иммунизациясы, яғни, вакцинация жасау ісі аяқталып келеді.

Екпеден өткен адамдар арасында иммунизациялау нәтижесі бойынша жағымсыз жағдайлар тіркелген жоқ.

Естеріӊізге сала кетейік, Қазақстанда ағымдағы жылдыӊ 1 қазанынан бастап 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдерді қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясы өз жұмысын жаӊғыртқан болатын.

Халықты қызылшаға қарсы қосымша иммунизациялаудыӊ қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ҚҚ Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі тарапынан келесі шаралар жүзеге асырылды:

- әрбір аймақта үйлестіру ісі бойынша аталған шараға жетекшілік ететін Астана, Алматы қалалары, облыс әкімдері орынбасарларыныӊ басшылығымен штабтар құрылды;

- денсаулық жағдайы ескеріле отырып, вакцинациялауға жататын адамдардыӊ құрамы анықталды;

- медициналық қызметкерлерінен тұратын егу бригадалары оқытылып, дайындалды;

- санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай мектептер мен колледждер, сонымен қатар, денсаулық сақтау ұйымдарында екпе кабинеттері дайындалды;

- жергілікті тұрғындар, оқытушылар, ата-аналар, мақсатты топтар арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді;

Министрлік иммунизация бойынша кампанияға күнделікті бақылау жүргізіліп отырады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны