31.03.2016, 11:30 7372

Қазақстанда қызылшамен сырқаттану 36 есеге төмендеді

Халықты вакциналау шараларымен кеӊ көлемде қамтудыӊ нәтижесінде Қазақстанда қызылшамен сырқаттанудыӊ көрсеткіші ағымдағы жылдыӊ 2 айында өткен жылғы сәйкес кезеӊмен салыстырғанда 36 есеге төмендеді

Астана. 31 наурыз. Kazakhstan Today - Халықты вакциналау шараларымен кеӊ көлемде қамтудыӊ нәтижесінде Қазақстанда қызылшамен сырқаттанудыӊ көрсеткіші ағымдағы жылдыӊ 2 айында өткен жылғы сәйкес кезеӊмен салыстырғанда 36 есеге төмендеді (2015 жылғы 2 айда 705 жағдай, 2016 жылғы 2 айда 20 жағдай), деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қызылша - қоздырушысы РНК-вирус болып табылатын жіті жұқпалы ауру. Аурудыӊ белгілері - жоғарғы дене қызуы (40,5ИC-ға дейін), көздіӊ, жұтқыншақтыӊ, жоғарғы тыныс алу мүшелері шырышты қабығыныӊ қабынуы, ауыздыӊ шырышты қабығындағы бөртпелер, денедегі дақты-папулалық бөртпелер, жалпы ағзаныӊ улануы.

Қызылша ерекше контагиозды. Аталған аурумен сырқаттанған адаммен қарым-қатынаста болған сау адамныӊ ауруды жұқтыру қаупі 95-96 пайызды құрайды. Қызылшамен кез келген жастағы адам ауырады, көбінесе мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балаларда кездеседі.

Инфекция ауа-тамшылы жолдармен: жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескен кезде жұғады. Инкубациялық кезеӊ орта есеппен 8-10 күнге созылады.

Сонымен қатар, вакцинамен басқарылатын жұқпалы ауруларды, оныӊ ішінде қызылшаны да емдеудіӊ бір ғана жолы бар, ол - вакциналау. Вакциналау жасанды иммунитетті жасауға көмектеседі. Адам ағзасында белгілі бір ауруға иммунитеттіӊ болмауы аурудыӊ асқынуына не болмаса өлімге әкелуі мүмкін. Қызылшамен ауырғандағы ауыр асқынулар өкпеніӊ қабынуына (пневмония), энцефалитке және менингоэнцефалитке әкеледі. Қызылшаныӊ еӊ ауыр сырқаттану түрлері жасы ұлғайған адамдарда кездеседі.

Естеріӊізге сала кетейік, 2014 жылы қызылша эпидемиологиялық жағдайыныӊ төмендеуіне байланысты 15-19 жас аралығындағы адамдарға қосымша иммундау жүргізу туралы шешім қабылданған болатын. Шара 2015 жылғы ақпанда басталды. Оны жүргізу үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификацияланған және барлық стандарттарға сай вацина сатып алынған болатын.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі халықты вакциналаумен қажетті деӊгейде қамтамасыз ету мақсатында ҚР-да қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясын өткізуге арналған Илеуметтік мобилизациялау мен ақпараттық жұмыстар жоспарын бекіткен болатын. Облыс, Астана, Алматы қалалары әкімдері орынбасарларыныӊ басшылығымен өтетін қызылшаға қарсы қосымша иммундау шараларын үйлестіру мақсатында әрбір аймақта штабтар құрылды. Вакцинаны тасымалдау мен сақтау шаралары мұқият тексерілді. Жасөспірімдер және олардыӊ ата-аналарымен вакциналауды жүргізудіӊ қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қызылшаға қарсы иммундау кампаниясыныӊ бірінші кезеӊінде 529 мыӊ 422 жасөспірім (60,1%-дан аса), екінші кезеӊінде 292 мыӊ 113 адам немесе мақсатты топтыӊ жалпы саныныӊ 92,1%-ы (316 мыӊ 704 жасөспірім) қамтылды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны