03.10.2017, 13:57 6240

Қазақстанда қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерінде "зиянды төмендету" ұстанымдарын енгізу ұсынылды

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан жалпы өлім-жітімніӊ көрсеткішін 6%-ға төмендетуге қол жеткізді. Бірақ, осыған қарамастан, өлімніӊ негізгі себебі жұқпайтын қан айналу жүйесініӊ аурулары - 22,3 %, онкология - 12,1% (жыл сайын 17 мыӊ адам көз жұмады, олардыӊ ішінде 16,9%-ы өкпе обыры) аурулары, сонымен қатар жарақаттар мен уланулар болып отыр.

Алматы. 3 қазан. Kazakhstan Today - Бүгін "Аман-саулық" қоғамдық қоры денсаулық сақтау мәселелері мен "зиянды төмендету" тұжырымдамасына арналған баспасөз мәслихатын өткізді. Онда "Аман-саулық" ҚҚ Президенті Бахыт Түменова мен Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы (ДДҰ) Атқару комитетініӊ мүшесі, Денсаулық сақтау министрініӊ кеӊесшісі, профессор Мақсұт Құлжанов Қазақстан Республикасындағы өлім-жітімніӊ негізгі себептері мен халық арасында ақпараттық науқан жүргізу қажеттігі, сонымен қатар зиянды төмендету тұжырымдамасыныӊ ұстанымдары мен жүйелі тәсілдемелерін енгізу жайлы әӊгімелеп берді.

Бахыт Түменованыӊ сөзіне сүйенсек, Қазақстанда аурулар екі үлкен санатқа бөлінеді: жұқпалы (паразитарлық) аурулар және жұқпайтын аурулар.

Жұқпайтын аурулардыӊ пайда болуында сыртқы орта факторлары үлкен рөл атқарады. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердіӊ арқасында соӊғы жылдары жұқпалы ауруларыныӊ саны айтарлықтай азайды, ал бірінші сапқа жұқпайтын аурулар шықты (сыртқы орта факторларыныӊ салдарынан пайда болатын аурулар).

Дұрыс тамақтанбау, шылым шегу, ішімдікті шектен тыс қолдану, салауатты өмір салтын ұстанбау сияқты әрекеттік факторлар (сыртқы орта) ықпалыныӊ салдарынан қан айналу жүйесініӊ аурулары, уытты қатерлі ісік, жарақаттану, жазатайым оқиғалар мен уланулар, психикалық ауытқулар, қант диабеті, респираторлық және тағы сол сияқты ауруларға шалдығу өсіп келеді.

ДДҰ-ныӊ деректері бойынша жұқпайтын аурулардан жыл сайын 38 миллион адам көз жұмады. Өлім-жітімге көбінесе жүрек-қан тамыр аурулары алып келеді - одан 17,5 миллионнан астам адам өмірімен қоштасады. Бұдан кейінгі орында онкологиялық аурулар - 8,2 миллион, респираторлық аурулар - 4 миллион және диабет - 1,5 миллион адамды жалмады. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан жалпы өлім-жітімніӊ көрсеткішін 6%-ға төмендетуге қол жеткізді. Бірақ, осыған қарамастан, өлімніӊ негізгі себебі жұқпайтын қан айналу жүйесініӊ аурулары - 22,3 %, онкология - 12,1% (жыл сайын 17 мыӊ адам көз жұмады, олардыӊ ішінде 16,9%-ы өкпе обыры) аурулары, сонымен қатар жарақаттар мен уланулар болып отыр.

Денсаулық сақтау мәселелерін бақылап үйлестіру мақсатында, Қазақстанда Денсаулық сақтау министрлігініӊ жанында министрліктіӊ өкілдерін қоса алғанда 11 сарапшыдан тұратын жұмыс тобы құрылған. "Аман-саулық" қоғамдық қоры қоғамдық денсаулық мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестіруші болып тағайындалған. Қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерін реттеудіӊ қосымша әдістерін енгізу мақсатында, үстіміздегі жылдыӊ мамыр айында өткен "Адам денсаулығыныӊ тәуекел факторлары: заманауи сын-тегеуріндер және инновациялық шешімдер" атты II Халықаралық конференциясында жұқпайтын аурулардыӊ профилактикасы мен тәуекел факторларын басқарудыӊ жүйелі тәсілдемесі арқылы, құны бойынша бүкіл әлем мемлекеттерініӊ қол жеткізе алатын тексерілген шараларды қабылдау арқылы олардыӊ себептерініӊ санын тиімді түрде төмендетуді ойластырған резолюция қабылданды. Осындай тәсілдердіӊ біріне зиянды төмендету тұжырымдамасы жатады.

"Зиянды төмендету тұжырымдамасы - бұл әрбір адамныӊ денсаулығын сақтауға бағытталған, денсаулыққа зиянды әрекеттерге тыйым салуды емес, зиянды салдарды азайту және зиянды әдеттерді өзгертуді көздейтін тәсіл. Мысалы, шылым шегетін ересектер шылымныӊ денсаулыққа тигізетін зияны жайлы біледі. Бірақ олар белгілі бір әдеттердіӊ күшімен шылым шегуден бас тарта алмайды. Оларға құрамында никотині жоқ электрондық сигареттер көмек бере алады, ағзаға әдеттегі шылымдай зиян келтірмейді және уақыт өте келе темекіні тастауға көмектеседі. Немесе есірткіге тәуелді науқастарды алайық. Егер метадонмен баламалы толықтырғыш терапияны қолданатын болсақ, пациенттер қалыпты өмір сүруге және терапияны дер кезінде алу мүмкіндігіне ие болады. Құрғақ заӊдар мен тыйым салу бұл мәселені шешпейді. Есірткі, ішімдік пен шылымды саналы түрде қолданатын адамдар әдетте осындай зиянды әдеттерімен зорға қоштасады. Ал біз "зиянды төмендету" тәсілін пайдаланғанда олардыӊ таӊдау құқығын құрметтей отырып, зияны аз баламаны ұсына аламыз" - дейді Бахыт Түменова.

"Аман-саулық" қоғамдық қоры төрайымыныӊ айтуынша, зиянды төмендетудіӊ басты міндеті - адамныӊ ағзасына түрлі өнімдердіӊ келтіретін зиянын азайту, адам денсаулығын қорғау, медициналық қызметтерді тұтынумен теӊ болатын өзініӊ денсаулығы және өз құқықтары туралы лайықты ақпарат алу құқығын қорғау. Зиянды төмендету тұжырымдамасы қандай да бір адамныӊ есірткіге немесе алкогольге тәуелді болу мәселелерін шеше алмайды: ол тек жеке превентивтік және терапиялық араласу түрінде орын алады.

"Аман-саулық" ҚҚ адамдарды зияны аздау баламаларға өтуге шақыра отырып, таяу уақыттарда зиянды төмендету мәселелері бойынша халыққа ағарту жұмыстарын жүргізу жөніндегі ақпараттық науқанды қарқындандыруды жоспарлап отыр.

"Аман-саулық" ҚҚ туралы

"Аман-саулық" қоғамдық қоры (Алматы, Қазақстан) денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін бейкоммерциялық пациентқорғаушы ұйым болып табылады. Ұйымныӊ миссиясы - ҚР азаматтарыныӊ денсаулық құқықтарын қорғау. Қордыӊ жанында медициналық-әлеуметтік қызметтердіӊ сапасы мен қол жетімділігі сауалдары бойынша Шұғыл желі жұмыс істейді. 10 жыл ішінде осы желіге хабарласқан еліміздіӊ 30 000-нан астам тұрғыны телефон арқылы, жазбаша немесе электрондық пошта арқылы ақысыз кеӊес алды және көптеген жағдайларда олардыӊ бұзылған құқықтары қалпына келтірілді. Біздіӊ қызметтеріміздіӊ барлығы ақысыз және барлық мұқтаж адамдарға арналған: бірінші кезекте халықтыӊ әлеуметтік әлсіз топтары - зейнеткерлер, мүгедектер, аз қамтылған, көп балалы отбасылар, жұмыссыздар, жастар, еӊбек мигранттары, нашақорлар, психикалық және менталдық мәселелері бар пациенттер, АИТВ/ЖИТС шалдыққан және бостандығынан айырылған науқастарға арналады. Арыздардыӊ жалпы саныныӊ 25%-нан астамы әртүрлі мүгедектерден, 60-70%-ы 50 жастан асқандардан, ал 90%-ы әлеуметтік қорғалмаған халық топтарынан келіп түседі.

Сонымен қатар Қор жетекші ұлттық медициналық мекемелермен және халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді, денсаулық сақтаудыӊ өзекті мәселелеріне қатысты жобаларды жүзеге асырумен айналысады.

"Аман-саулық" ҚҚ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық кеӊесініӊ, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігініӊ адами өлшем жөніндегі жұмыс тобыныӊ, Өӊіраралық фармацевтикалық және экономикалық зерттеулер қоғамыныӊ (Ресей), Пациенттердіӊ қауіпсіздігі жөніндегі Еуразия бастамасыныӊ (Украина), Адам құқықтары және денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін ұйымдардыӊ халықаралық федерациясыныӊ (IFHHRO, Нидерланды), Қинауға қарсы Халықаралық Коалиция мүшесі болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны