07.03.2007, 15:29 3851

Қазақстанда корпоративтік басқару және іскерлік этика орталығын құру көзделіп отыр

АЛМАТЫ. 7-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстанда корпоративтік басқару және іскерлік этика орталығын құру көзделіп отыр. Бұл туралы АҚШ сауда министрлігінің "Тиімді басқару" атты бағдарламасының үйлестірушісі ГауҺар Көпбасарова Kazakhstan Today агенттігіне хабарлады.

Г.Көпбасарованың айтуынша, орталық құру туралы бастаманы АҚШ сауда министрлігінің "Тиімді басқару" атты бағдарламасы Орталық Азиядағы корпоративтік басқару жөніндегі Халықаралық қаржылық корпорациясы мен ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігімен бірлесе қолдамақшы.

"Орталық құрудағы мақсат - корпоративтік басқару және іскерлік этиканың халықаралық деңгейде мойындалған және отандық тиімді тәжірибесін елімізде түрлі салаларда жұмыс істеп жатқан компанияларда енгізу, олардың бәсекелестік артықшылықтарын ұзақ мерзімді дамытуға және жалпы жеке меншік секторға салынатын инвестицияларды өсіруге бағытталады", делінген бағдарлама үйлестірушісінің хабарламасында.

Г.Көпбасарованың хабарлауынша, "Қазына" Тұрақты даму қоры" АҚ мен "Астана-Жылжымайтын мүлік" АҚ орталық құрылтайшыларының біріне айналып, корпоративтік басқару және іскерлік этика саласындағы тәжірибелерімен бөлісуге ниет білдірген. Сонымен бірге "ҚазМұнайГаз" Барлау.Өндіру" АҚ да орталыққа қолдау көрсетуге әзір екенін білдірген.

"Орталық құрылтайшыларының жиналысы наурыздың аяғына межеленді",- деді Г.Көпбасарова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны