03.06.2008, 12:39 2063

Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау шығындары 2007 жылы 4,3%-ға өсті - статистикалық агенттік

Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау шығындары 2007 жылы 4,3%-ға өсті - статистикалық агенттік

Астана. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Кәсіпорындар мен ұйымдардың қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ағымдағы шығындары 2006 жылғымен салыстырғанда 2007 жылы 4,3%-ға өсіп, 58,7 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды агенттік ҚР Статистика жөніндегі агенттігіне сілтеме жасап.

"Ағымдағы шығындардың құрылымында 30,6%-ы су ресурстарын қорғау мен тиімді пайдалану үлесіне, 36,5%-ы атмосфера ауасын қорғауға, 28,5%-ы жерді өндіріс пен тұтыну қалдықтарынан қорғауға, 4,4%-ы жерді рекультивациялау үлесіне тиеді", -делінген агенттік хабарламасында.

Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметінше, ағымдағы шығындардың көлемі бойынша ең жоғары үлес салмақ тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарының шығындарына (44,5%), өңдеу өнеркәсібінің (34,9%), электр қуаты, газ бен су өндіру мен тарату (11,3%), жылжымайтын мүлік және жалға алу операцияларының (5,7%), басқа да (3,6%) шығындарға тиесілі.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі өндірістік қорларды күрделі жөндеу шығындары 2007 жылы 4,2 млрд теңгені құрады, оның 63,2% атмосфера ауасын қорғау құрылғылары мен қондырғыларын жөндеуге, 33,3% су ресурстарын қорғау мен тиімді пайдалануға жұмсалды.

Мекеменің хабарлауынша, 2007 жылы табиғи ортаға ластаушы заттарды тастау, нормативтік және нормативтен тысқары тастаулар үшін алынған төлемдердің көлемі 25,2 млрд теңгені құрады. Атмосфера ауасын ластағаны үшін алынған төлемдердің үлес салмағы 69,2%, қалдықтарды орналастырғаны үшін - 28,3%, су ресурстарына жібергені үшін - 2,4% құрады.

Табиғат қорғау заңнамасын бұзу арқылы келтірген шығынды өтеуге 2007 жылы 44,8 млрд теңгеден астам шағымдар мен айыппұлдар өндіріп алынды, деп хабарлайды статистикалық агенттіктегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны