18.03.2013, 12:07 3469

Қазақстанда күннің жылынуына байланысты қардың күрт еруі мүмкін

"Ауа температурасының жоғарылауына байланысты Қазақстанның барлық аумақтары бойынша 17-20 наурыз аралығында елдің таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қард күрт еруі мүмкін", - деп хабарлады синоптиктер.

Астана. 18-наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанның барлық аумақтары бойынша ауа температурасының жоғарылауына байланысты елдің таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қар жылдам еруі ықтимал, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Ауа температурасының жоғарылауына байланысты Қазақстанның барлық аумақтары бойынша 17-20 наурыз аралығында елдің таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қард күрт еруі мүмкін", - деп хабарлады синоптиктер.

Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 0-8 градустан 5-13 градус жылылыққа дейін, күндіз 10-20 градустан 20-25 градусқа дейін жылы болады, шығыста түнде минус 3-8 градустан кей жерлерде 12-17 градустан, -2+3 градусқа дейін, күндіз плюс 2-7 градустан 7-17 градусқа дейін көтеріледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны