30.06.2014, 22:52 8955

Қазақстанда La Scala тұңғыш рет өнер көрсетеді

Қазақстанда алғашқы рет "Астана Опера" театрының сахнасында La Scala өнер көрсетеді. Аты аңызға айналған театр "Дон Кихот" балетін 30 маусым мен 4 шілде аралығында ұсынады.

Алматы. 30 маусым. Kazakhstan today. Қазақстанда алғашқы рет "Астана Опера" театрының сахнасында La Scala өнер көрсетеді. Аты аңызға айналған театр "Дон Кихот" балетін 30 маусым мен 4 шілде аралығында ұсынады.

Рудольф Нуриевтің белгілі хореографиясындағы ласкалалық репертуардың 1980 жылғы қойылымы ұлы классикалық балеттер пантеонында өзінің лайықты орнын иеленді. Балетке миландық театрдың шығармашылық ұжымынан 100 астам адам қатысады. Аталған қойылым қос театр арасында тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік берді. Екі жылдан астам уақыт бұрын бастау алған әріптестік қарым-қатынас алғашқы нәтижесін бере бастады, осылайша "Астана Опера" театрында La Scala түпнұсқадағы спектаклі - Лука Ронконидің қойылымындағы "Тоска" операсы ұсынылды. Күзде La Scala кезекті спектаклі - "Аида" операсының тұсауы кесіледі, режиссері Франко Дзефирелли. Сонымен қатар La Scala театрының Академиясымен білім алу саласындағы серіктестік жөніндегі жоба жүзеге асырылып жатыр, деп театрдың баспасөз қызметі хабарлады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны